№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕРМҰХАМЕД – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

ЕРМҰХАМЕД – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ


Ақпарат көздерінде тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионатында Қызылорданың құрама командасы топ бастады деген сүйінші жаңалық тарады. Ақтөбе қаласында өткен бәсекеде табысты өнер көрсетіп, облыс құрамасының биіктен көрінуіне атсалысқандардың қатарында Ермұхамед Әлайдар да бар. Ол чемпионаттың биік тұғырына көтірілумен қатар «спорт шебері» атағын да алды. Тоғызқұмалақтан Жаңақорғаннан ауданынан шыққан ең жас спорт шебері атанды.

Тоғызқұмалақ адамның ойлау қабылетін арттыратын, ақыл-ойдың ұшқырлығын талап ететін интилектуалды ойын. Яғни, математикалық теорияларды меңгеруде таптырмас спорттың түрі. Сондықтан болар сарапшылар мен ғалымдар бұл спортты шахматтан да күрделі екенін айтуда.
Бүгінде ауданда тоғызқұмалақтың аяқалысы өте жақсы. Білікті бапкер Қасым Асылбектің шәкірттері чемпионаттарда олжа алып, аудан абыройын асырып жүр. Мәселен, 2017 жылы Мадина Нұрсейіт тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі жандар арасынан ел чемпионы атанып, «спорт шеберін» жеңіп алды. Енді Ермұхамед ұлттық құрамаға еніп, жаңақорғандық тоғызқұмалақшылардың потенциалын көрсетті. Сондықтан, талантты спортшының дара жолын дәріптеп, онымен әңгіме өрбітпекпіз.
– Шыны керек, тоғызқұмалақ ойынын ойнау үшін есепке жүйрік болу керек. Әрі, шыдамдылықты талап етеді. Себебі, бір орнында тапжылмай үш-төрт сағатқа дейін бәсекелесуге қайсарлық пен төзімділік қажет-ақ. Мен осы спорт түрін таңдағаныма еш өкінбеймін. Ендігі мақсат шілде айында Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтетін Азия чемпионатында топ жару, – деді кейіпкеріміз.
Иә, былтыр да Моңғолия Азия біріншілігін өткізіп, қазақстандық спортшылар биіктен көрінген болатын. Енді Ермұхамед те сол жетістікті қайталаса жыл соңында өтетін Әлем біріншілігіне жолдама алады. Қазақстанда оған Алматы мен Ақтөбенің мықтылары ғана деңгейлес дейді жаттықтырушы Қасым Асылбек.
– Ермұхамед маған төртінші сынып оқып жүргенде келді. Дарынды, ойы ұшқыр баланың түбінде төл өнердің төріне көтерілетініне сендім. Ең алғаш рет үлкен топқа 2014 жылы қосылып, жасөспірімдер арасынан Қазақстан чемпионатында қоламен қуантты. Одан кейін, күміспен оралды, ел кубогында да екі рет жүлде алды. Жастар арасында былтыр Астанада өткен біріншілікте Қазақстан чемпионы атанды. Ол мұның барлығын тоғызқұмалақтың классикалық түрінен жеңіп алды, – деп сөзге араласты.
Классикалық тоғызқұмалақ дегеніміз, 3 сағатқа дейінгі уақытта мықтыны анықтау. Одан кейін рапид (40 минут) және блиц (14 минут) деген тағы екі түрі бар. 30 жылға жуық уақыт ішінде 2000-нан аса шәкірт баптаған Қасым ағайдың 20-дан астам оқушысы бірінші санатты. Ол дегеніміз тоғызқұмалақты жоғары деңгейде ойнайды деген сөз. Олардың қай-қайсысы болмасын жоғары дәрежелі бәсекелерде топ жаруға лайықты спортшылар.
Айта кететіні, Ермұхамед мықты спортшы ғана емес, ол шәкірттерді баптауға дем беруде екен. Келешекте сол шәкірттері өзі секілді биіктен көрініп жатса қанекей...

Әли ТЕМІРБЕК.

02 ақпан 2019 ж. 1 094 0