» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ - ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ - ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!

Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан ерлер арасында Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті. 

Ел чемпионатында Қызылорда облысының командасы жоғары жетістікке жетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды.

Команда құрамында ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Хәкімжан Елеусінов, спорт шебері Бексұлтан Бостандықов және спорт шеберіне үміткерлер Ермұхамед Әләйдар, Рауан Ыбрай, Асылбек Қаржаубаев, Дамир Ахметов шеберлік байқасты.
Ұлттық ойын ұлықталған дүбірлі додада 4 спортшымыз, Ермұхамед Әләйдар, Рауан Ыбрай, Асылбек Қаржаубаев, Дамир Ахметов Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.
Жарысқа 13 команда қатысты, жалпыкомандалық есепте Шымкент қаласы екінші, Павлодар облысы үшінші орындарды иеленді.
Енді үстіміздегі жылдың 14-20 ақпан аралығында Көкшетауда әйелдер арасында өтетін ҚР командалық чемпионатына облыс құрамасы қатысады.

28 қаңтар 2019 ж. 864 0