№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2008-2018: АУДАН СПОРТЫНЫҢ БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСІ. 2019 ЖЫЛДАН НЕ КҮТЕМІЗ?

2008-2018: АУДАН СПОРТЫНЫҢ БАҒЫНДЫРҒАН БЕЛЕСІ. 2019 ЖЫЛДАН НЕ КҮТЕМІЗ?

2008 жылға дейін аудан спорты толайым табыстарға қол жеткізді. Спорттың кей түрінен ілгерілеу байқалды. Алайда, кенжелеп қалған спорт түрлері де аз болмады. Бокс пен дзюдо, ұлттық спорттан артта қалған болатынбыз. Ал, қазір еңсеміз тіктеліп, дамудың даңғыл жолына түстік. Сондықтан, бүгін біз 10 жылда жеткен жетістіктерге қысқаша шолу жасайық. Бірден айта кетейік, біз тек ірі жеңістерге бет бұрсақ. Сонымен...
2008 жыл. Бейжің Олимпиадасына еркін күрестен тұңғыш жаңақорқандық балуан Жасұлан Мұхтарбекұлы қатысты.
2009 жыл. Ұлттық ат спорты түрлерінен облыс құрамасы жасақталды. Оның барлық мүшесін жаңақорғандық спортшылар құрады.
Міне, осылай кете береді. Әр жыл өз жетістігімен есте қалды. Футбол, гандбол, қол күрес, таеквандо, баскетбол, волейбол, белбеу күресінен аудандар арасынан озық болдық. Ал, ұлттық ат спорты түрлерінен Сыр өңірі атынан сынға түсіп, оның ішінде көкпардан үздік үштікке іліндік. 
Еркін күрестен үш рет Олимпиадаға балуан жібердік. Парадзюдодан тұңғыш рет қазақ спортшылары арасынан Әлем чемпионын шығардық. Тоғызқұмалақтан қос саңлақ Қазақстан чемпионы атанды. Бокстан жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігін Жаңақорғанда өткізіп, үш боксшы чемпион атанды. Одан бөлек былғары қолғап шеберлері Халықарлық додаларда жеңіс тұғырынан көрініп келеді. 
Ал, биылғы белесіміз одан да биік болмақ. Жыл басында қос балуан – Дәулет Низбеков пен Ғалымжан Өсербаев Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанып, Әлем чемпионатына жолдама алды. Көкпардан Азия және Әлем біріншілігіне қатысатын ұлттық құрама сапына ересектерге бір жастарға екі, және жасөспірімдерге бірнеше жерлестеріміз ілінді. Одан да басқа спорт түрлерінен ел атынан сынға түсетін спортшылар жетерлік. Сондықтан, әр уақытта да қолдау көрсетіп, демеп отырайық.
Айта берсек, жеткен жетістігіміз аз емес. Сондықтан, 10 жылдағы жетістікпен мақтандық, енді он абыройымыз асқақтататын оғландар шығарына сенім білдіреміз...

ЖЕҢІСТІ КҮНДЕР КӨП БОЛСЫН!
16 ақпан 2019 ж. 919 0