Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 47

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ат спортынан алтын тұғырдамыз

Ат спортынан алтын тұғырдамыз


Бірден айта кететіні, ат спортынан облыс құрамасын біздің шабандоздар құрайды. Кешегі аламанда асығымыз алшысынан түскені де содан. Иә, 2 алтын мен 1 қоланы қоржынға осы спорт түрі салды. Алдымен шаршы топқа теңге ілуден жігіттер атқа қонып, жарысты қоламен түйіндедік. Алтын – Шиеліге, күміс – Сырдарияға бұйырды. Одан кейін, аударыспақтан жастар дүбірге қосылды. Алдымен, 60 келіде Диасқожа Мұзарап белдесуге келді. Елдің екі дүркін чемпионы болған балуанға облысты еңсеру қиынға соқпайтыны белдік. Болжамымыз дәл келді.
– Қай спорттың да осалы болмайтыны белгілі ғой. Менің салмағымда кіл мықтылар бас қосты. Бабымда екенімді тағы бір дәлелдедім. Бұйырса, ел чемпионаты күтіп тұр, одан кейін халықаралық сындарға жолдама аламын. Бапкерлер берген тапсырманы команда ойдағыдай орындап, білектіліктерін көрсетті, – деді жас чемпион.
70 келіде Оразбеков Бекмұрат, 80 келіде Икрам Жақып, 90 және 90+ салмақта Жалинбетов және Оспанов ешкімге есе жібермеді.
Ауданның ғана емес, Сыр елінің мақтанышына айналған бұл жігіттердің жаттықтырушыларына ел алғыс айтады. Сламхан Боранбаев бастаған бапкерлік көштің шәкірттері ат спортынан аймақ атағын абыройлы қорғап келеді. Енді аздап демеу болса болғаны, ел додасында алтын алатын боламыз.
Ал, келесі күні көп асыға күткен көкпар басталды. Салым салудан тақымы мығым, білегі мықты біздің шабандоздар ақтық сынға дейін қарсылас шақ келтірмеді. Екінші топта жалағаштық жігіттер финалға шықты. Әбден республикалық додаларда шыңдалған жаңақорғандықтар ақтық сында қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді.
– Жігіттер жарады, аударыспақтан барлық салмақтан бірінші орын, көкпардан да биік тұғыр біздікі, тек теңге ілуден сәл қателікке бой алдырып қойғанымыз рас. Бұл сын іріктеу деп білеміз, алда ел чемпионаты келе жатыр, соған спортшыларды таңдап, облыс құрама сапына қосатын боламыз, – деді аға жаттықтырушы.
03 қараша 2021 ж. 290 0