№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Аударыспақ: еншімізде 4 жүлде

Аударыспақ: еншімізде 4 жүлде

Ұлттық спорт түрлері аударыспақтан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында Сыр спортшылары 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдені қоржынға салды. Ел біріншілігінде үнемі алтын жүлдесіз оралмайтын біздің жігіттер бұл жолы да барын салды.
Тараз қаласында өтіп жатқан ұлттық спорт түрлері аударыспақтан облыс құрамасы оң нәтиже көрсетті. Облыстық команданың барлық ойыншылары жаңақорғандықтардан құралған. 10 жылдан аса аймақ абыройын қорғап жүрген аудан спортшылары биылғы чемпионатта да жанкүйерлерін жерге қаратпады.
Алдымен топқа 57 келідегі Еркебұлан Назаров қосылды. Соңына дейін тартысқа түскен Еркебұлан жартылай сында есе жіберді. Есесіне қолаға қол созды, дәл осы тұғырдан 62 келіде өнер көрсеткен Бекмұрат Оразбек те көрінді. Ал ауыр салмақта бақ сынаған Жасұлан Жәлимбетов ақтық сында қарсыласқа жол берді. Соңына дейін тартысқан Жасұланға сәл сәттілік жетпеді.
– Аударыспақ болсын, көкпар, теңге ілу мен садақ атудан аудан спортшылары елдің алдыңғы қата­рында жүреді. Үштіктен түскен емес, биыл да спортшылар жақсы дайындықпен барды, бұйырғаны 4 жүлде. Биылғы нәтиженің бастамасы, бұйырса бұдан да биік белестер күтіп тұр, – деді жаттықтырушы Қанат Абылбеков.
Ал 68 келі салмақта көпшілік күткен Файзулла Әбдінасырдин алаңға беттеді. Жарысты бәсең бас­та­ғанымен, қарсылас шақ кел­тірмей, қарсыластарын қапы қал­дырып, алтынды мойынға тақты.
– Барлық жанкүйерлер мен бапкерлеріме алғыс білдіремін. Бұл бастамасы мен үшін, әлі алда жарыстар көп. Осы алтын қолдан түспеу үшін барымды саламын, – деді чемпон.
Айта кететіні, Қанат бапкермен жігіттерді дайындаған Асылбек Ауезовтің еңбегі зор.

Әли ТЕМІРБЕК
06 сәуір 2021 ж. 530 0