№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ат спортынан облыста озықпыз

Ат спортынан облыста озықпыз


Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай көкпар мен аударыспақтан 2000-2003 жылы туылғандар жастар арасындағы облыстық турнирде үздіктер іріктелді. Аймақта алғаш рет ұйымдастырылып отырған бәсекеде биылғы ел чемпионатына қатысатын Сыр спортшылары анықталды. Аудан және қаладан келген кіл мықтылар Жаңақорған төрінде бағын сынап, бәсекелестігін көрсетті.


Алдымен жастар аударыспақтан сынға түсті. Кейбір салмақта спортшы саны да аз екені көрінді, мәселен, 52 келіде сынға түскендер арасында жаңақорғандықтар ғана болды. Ақтық сынға шыққан Диас Әбден алтын тұғырға көтерілсе, Үрнұр Усербай күміс медалді қанағат тұтты. Ал, нағыз тартыс 57 келідегі спортшылар арасында өрбіді. Жаңақорған, Сырдария және Жалағаш ауданының спортшылары осы салмақта нағыз мықтыны анықтауға тырысты. Жартылай сында қарсыласқа жол берген жаңақорғандық Абсаттар Амангелді мен жалағаштық Алмат Қалила қолаға қол созды. Ақтық сынға жолдама алған Әли Мұқағали мен Баубек Әбділла 57 келінің үздігін анықтады. Алтын жаңақорғандық балуанның еншісіне кетсе, күміспен сырдариялық спортшы күптелді.
65 келіде облыс намысын ірі додаларда қорғап жүрген Диасқожа Мұзарапқа тең келер ешкім болмады. Барлық қарсыластарын ат үстінен тайдырған ол ақтық бәсекеде жерлесі Нұрдаулет Байсейітпен кездесті. Қарсыласы да осал емес екен, десе де жеңіс Диасқожаның уысында кетті.
– Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Барлық спорт­шы­лардың дайындығы жақсы, осыдан-ақ, Қызылорда ат спортының дамуын көруге болады. Шүкір, алтыннан алқа тағындым, бұйырса ел біріншілігінде де осы тұғырдан көрінсем деген мақсатым бар. Бапкерлерге алғыс айтамын, – деді чемпион.
Үшінші орын Шиелі спортшысы Нұрбол Зұлыпхарұлы мен сунақаталық Бексұлтан Ақыновқа бұйырды. 72, 79 және 85 келі салмақта жеңімпаздар жаңақорғандық спортшылар. 79 келіде Дәулет Ағайдар, 79 келіде Шадияр Жантемір, 85 келіде Балғынбек Медетбек алтынмен қуантты. Тек 85 келіден жоғары салмақта сырдариялық Ұлан Гараяев қарсылас шақ келмеді. Ақтық сында Шиелі спортшысы Ізбасхан Тұрсынбайды жеңді, қола жүлде Қызылорда қаласының балуаныАбай Әбжановқа бұйырды.
– Аймақтық іріктеу жарысы биыл алғаш рет өткізіліп отыр. Қолдау тапса жыл сайын өткізілетін болады, өйткені жастарды өсіретін жарыстар мен осындай бәсі биік турнирлер. Байқағанымыз, басқа ауданнан келген спортшылардың да деңгей өсіп келеді. Бірінші және екінші орын алған жастар шілдеде Павлодар қаласында өтетін ел чемпионатына қатысады, ал жасөспірімдер тамыз айында Қарағандыдағы біріншілікте бақ сынайтын болады. Жастарға үміт артамыз, – деді көкпардан облыс құрамасының жаттықтырушысы, әрі Жаңақорған командасының Сламхан Боранбаев.
Аударыспақтан Жаңақорған енші­сінде 6 алтын, 3 күміс және 2 қола бар. Екінші орын Сырдария еншісінде 1 алтын, 1күмісті еншіледі, Жалағашта 2 күміс, 1 қола, Шиелі жігіттерінің еншісіне 1күміс, 1 қола түссе, Қызылорда мен Сунақатаға бір-бір қола жүлде бұйырды.
Жарыстың келесі күні көкпардан командалар дүбірге қосылды. Жалпы Сыр өңірінің негізгі құрамын жаңа­қорғандық шабандоздар құрайды. Ересектер болсын, жастар болсын елчемпионатында үздік үштіктен түскен емес. Жамбыл, Маңғыстау, Шымкент және Қызылорда көкпаршылары үнемі бәсекеде жүреді. Бәсекелес мықты, сондықтан біріншілікке тас-түйін бару үшін алдымен командаларды іріктеп, ойыншыларды бір сүзгіден өткізіп алу көзделген облыстық турнирде фоварит Жаңақорған командасы екені белгілі. Десе де, Қызылорда қаласынан келген жігіттер де қарап қалмады, олар ақтық сынға дейін сүрінбей өтті. Тек финалдық сында жол беріп қойды, қола Жаңақорған-2 командасының еншісіне бұйырды.
Жаңақорған құрама командасының шабандоздарын Канат Абылбеков, Асылбек Ауезов және Наурызқожа Әмзеев баптап, топқа қосты.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ

13 мамыр 2021 ж. 850 0