№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Спорттық алпауыттардың тартысы

Спорттық алпауыттардың тартысы

28 шілді. Сағат 11.55.
Ал, Токио Олимпиадасында сәт сайын командалық есептегі көрсеткіштер өзгеруде.
Дәл қазір командалық есепте Жапония көш бастап тұр. Оларда: 11 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль бар. Бір сағаттан кейін Қытай немесе АҚШ бірінші орынға шығуы да мүмкін. Осы үш команда арасында үздік құрама командаға тартыс, талас жүруде.

Жапония қай спорт түрлерінен басым болып тұр? Соған тоқталсақ...
Софтболдан ақтық сында Жапония Австралиядан басым түсіп, алтын алды. Бұл – командалық спорт.
Дзюдодан 5 алтын иеленді. Тарқатып айтсақ, 60 келіде Наохиса ТАКАТО, 66 келіде Хифуми АБЭ, 73 келіде Шохей ОНО, 84 келіде Таканори НАГАСЕ қарсылас шақ келтірмеді. Ал, әйелдер арасында 52 келіде Uta ABE дараланды.
Скейтбординг бойынша ерлер арасында Yuto HORIGOME, әйелдер арасында Момидзи НИШИЯ (14 жасар спортшы жайлы бұған дейін жаздым) үздік болды.
Міне, қызық, Токио Олимпиадасында тұңғыш екі дүркін чемпион анықталды. Ол – Юи ОХАСИ. Жүзуден 200 және 400 метрде қарсыластарын шаң қаптырды.
Үстел теннисінде жұптық өнер көрсеткен Jun MIZUTANI пен Mima ITO финалда қытайлық қарсыластарынан 3 сетте басым түсті.
Екінші орында АҚШ тұр. Америкалық спортшылар 10 алтын, 10 күміс, 9 қола жинады.
Үшінші орынға Қытай жайғасты. Оларда 10 алтын, 5 күміс, 8 қола медаль жиындығы бар.
Үздік төрттікте – Ресей, бестікте – Австралия.
Әзірге Қазақстан 49 орында тұр.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
28 шілде 2021 ж. 1 438 0