» » Бір спортшы – екі алтын

Бір спортшы – екі алтын

"Жаңақорған тынысы" Токио Олимпиадасының бағдарына мұқият мән беріп, елеулі оқиғаларды қалт жібермеуге тырысуда. ХХХІІ Олимпиада ойындарының тұңғыш көп медаль жинаған спортшысы анықталды.
Міне, қызық, Токио Олимпиадасында тұңғыш екі дүркін чемпион анықталды. Ол – Юи ОХАСИ.
Жалпы, Жапония тарихында 1968-1976 жылы өткен Олимпиада ойындарында гимнаст Савао Като 8 алтын медаль еншіледі. Бұл – Жапония тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
Күншығыс елінде Олимпиадалық көп медаль алған 7 спортшы бар. Юи ОХАСИ сегізіншісі болды.
Бірақ, бұған дейінгі спортшылар кемі 4 алтын медальдан алған.
Мәселен, гимнаст Акинори Накаяма (1968-1972) – 6, гимнаст Такаси Оно (1952-1964) – 5, гимнаст Юкио Эндо (1960-1968) – 5, гимнатс Мицуо Цукахара (1968-1976) – 5, жүзгіш Косукэ Китадзима (2004-2012) – 4, еркін күрес шебері Каори Итё (2004-2016) – 4 реттен дараланды.
26 жастағы Юи ОХАСИ әйгілі отандастарының жетістігін қайталай ала ма? Оған уақыт төреші.
Біз бір алтынға зар болып отырғанамызда, бабы мен бағы қатар шапқан спортшылар қос-қостап медаль алуда. Әрине, қызғанамыз, қызығамыз. Өзге елдің спортшыларының ерік-жігері мен спорттық міңезіне таңданамыз, таңғаламыз.
Юи Охаси қаражауя споршы емес. Бұған дейін Азия чемпионаты (2016) мен Азия ойындарының (2018) чемпионы атанды. Әлем чемпонатында (2017) күміспен күптелді.
Айта кететіні, Токио Олимпиадасында Охаси 200 және 400 метрге еркін әдіспен жүзуден жүйрік болды.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
28 шілде 2021 ж. 676 0