№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЗАҚ БАЛУАНДАРЫ 4 АЛТЫН ЕНШІЛЕДІ

ҚАЗАҚ БАЛУАНДАРЫ 4 АЛТЫН ЕНШІЛЕДІ


Венгрияның Дьер қаласында грек-рим күресінен «Алтын Гран-при» рейтингілік турнирінде отандастарымыз 4 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Күрес түрлері федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған додаға әлемнің 11 елінен ең таңдаулы балуандар бақ сынады. Аталған додада Нұрым Дүйсенов баптайтын еліміздің грек-рим күресі шеберлері төрт салмақ дәрежесінде топ жарды. 

Жарыстың алғашқы күні кілемге шыққан балуандар арасында 55 келі салмақта ел намысын қорғаған Жансерік Сәрсенбиев Гран-при жеңімпазы атанды.
Гран-при турнирінің екінші күні қоржынымызға тағы үш алтын медаль түсті. 67 келі салмақта күрескен Мейіржан Шермаханбет пен 77 келідегі Тамерлан Шадукаев және аса ауыр салмақтағы (130 келі) Нұрмахан Тінәлиевке Венгрия жерінде қарсылас шақ келмеді. Биылғы Қазақстан чемпионатында топ жарған оңтүстікқазақстандық Мейіржан Шермаханбет финалда Мұхамедреза Гераиді 6:3 есебімен жеңді. Ирандық балуан алғашқы айналымда Алмат Кебісбаевты 10:9 есебімен қапы қалдырған еді. Алмат өз кезегінде 67 келінің қола медалін иеленді. 
77 келіде өнер көрсеткен Тамерлан Шадукаев финалда жарыс қожайынынан басым түсті. Ал, 130 келідегі Нұрмахан Тінәлиев болса, финалда қытай балуанынан айласын асырды. Нұрмахан ақтық сынға дейін Венгрияның екі балуанын және қырғыз балуанын ұтты. 
Қоржынымызға түскен үш қола медаль - Алмат Кебісбаев (67 келі), Демеу Жадыраев (72 келі) және Мирас Баршылықовтың (77 келі) еншісінде. 
Командалық есепте Қазақстан құрамасы Иран балуандарын алға жіберіп, екінші орынға ие болды. 
25 маусым 2018 ж. 1 778 1

Гость Jeahulalf от 6 наурыз 2019 17:05
Online Pharmacy Panic Attack Medicines Cialis Casero Amoxicillin Tempature Rise 0,5 mg propecia finasteride Voltaren Acheter Acyclovir 800 Mg