Токио олимпиадасы қыза түсті
Біз әзірге екі қола медальмен 37 орында келеміз.
Ал, спорттық алпауыт елдердің командалық көрсеткіші сағат сайын өзгеруде.
Токио алаңында алғашқы күндері үздіктер қатарынан көріне алмаған АҚШ 14 медаль жинады, оның 7-і алтын. Бұл – командалық есепте көш бастауға жеткілікті болып тұр. Америкалықтар пневматикалық винтовка, суға жүзу бойынша алтындарды қармады.
Екінші орында келе жатқан Қытайда 6 алтын бар. Соңғы жылдары Қытай экономикасының көтерілуімен спорты қарышдап дамыды. Мәселен, 2004 және 2012 жылы жалпы командалық есепте екінші орын алса, 2008 жылы АҚШ пен Ресейді артына қалдырды. Сондықтан бұл Олипиада да үздік үштіктен түспейтіні анық.
Әзірге үздік үштікте Жапония тұр. Оларда 6 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар. Күн Шығыс елі өз тарихында 1964 және 1968 жылы өткен Олимпиада ойындарында АҚШ пен КСРО-дан кейін үшінші орын алған-ды. Өз елінде өткен төртжылдықтың басты бәсекесінде осы жетістікті қайталауға ынталы.
Соңғы Олимпиада ойындарына зер салсаңыз, үздік үштікте АҚШ, Германия, Ресей, Англия, Қытай кезек-кезек орын алыпты. Жапон спортшылар көздеген шыңға шыға ала ма? Бұған 8 тамызда жауап аламыз.
Токио төрінде үш алтыннан олжалаған Англия мен Корея Республикасы төртінші бесінші орында өзара бөлісіті.
Ұлұқбек Рашитовтың алтынымен Өзбекстан 14 орынға бір-ақ жайғасты.
Қазақстан ұлттық құрамасы Сидней және Рио-де-Жанейрода өткен спорттық бәсекеде 22 орынмен түйіндесе, Атланта мен Лондонда 24 орынға жайғасты. Пекинде – 37, Афиныда – 40 орын алған-ды.
Токиода қалай болады екен, ә?!
Ішкі түйсік Өзбекстан бізден жоғары көрсеткіш көрсетеді дейді. Өйткені, көршіліер бокстан кем дегенде екі алтын алуды жоспарлайтыны анық. Олар күрес түрлерінен де медаль алуға қауқарлы. Ауыр атлеттеріне де сенім артады.
Біз де осы үш спорт түріне иек артамыз. Егер біздің спортшылар өзбектердің алдын орай алса, біздің нәтижеміз жоғары болады..

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ