№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Головкин: Альварес допингісі – бокс үшін үлкен кедергі .

Головкин: Альварес допингісі – бокс үшін үлкен кедергі .


Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің сынамасынан тыйым салынған препараттың табылуы бокс үшін үлкен кедергі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Los Angeles Times басылымына сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы Невада штатындағы спорттық комиссиясын аталған жағдайға назар аударып, тиісті шараларды жүргізуге шақырды.
«Өте өкінішті. Себебі, мен де ол сияқты кәсіби спортшымын. Альварес және оның командасы болған жағдайдың барлығын түсінеді. (Допинг – автор) сынамасының оң нәтижесі көрсетуі – бұл спорт және біз үшін үлкен проблема», - деді Головкин Los Angeles Times - Hoy Deportes басылымына берген сұқбатында.
Айта кетейік, осыған дейін Сауль «Канело» Альварестің сынамасынан тыйым салынған препарат табылған болатын. Оның командасы мұны тағамға қосылып кеткен деп ақталып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Головкин-Альварес арасындағы жекпе-жекте жеңімпаз анықталмаған. Төрешілер тең ойын болды деп, екеуінің де қолын көтерген.
Енді қос боксшы арасындағы екінші кездесу 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.
Аталған кездесуде Геннадий Головкин өзінің барлық чемпиондық белбеуін бәске тігеді. Ал Альварес өзіне тиесілі The Ring белбеуін және орта салмақтағы желілік чемпион белбеуін сарапқа салмақ.
Ал бұған дейін әлемге танымал боксшылардың Канелоны спорттан біржолата аластау керек деген пікірлерін жариялаған болатынбыз. Және осыған қатысты Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес «Канелоның» допинг ісінің әділ тергелетініне күмәнмен қарайтынын мәлімдеген еді.
08 наурыз 2018 ж. 1 104 0