№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Чемпиондар шыққан мекен

Чемпиондар шыққан мекен

Мына сурет жаныма өте жақын. Өйткені осы аядай мекеме біздің балалық шағымыздың куәсі. Иә, бұл Жаңақорғандағы көне спорт мектебі. Еркін күрес спортының іргетасы қаланған ғимараттың бірі десек те болады. Дәл осы жерден талай балуан шықты...
2000 жыл. Біз ол кезде 3-сыныпта оқитын бала едік. Бір күні алдыңғы аға буынның ықпалымен күрес үйірмесінің есігін қақтық. Ойын баласы үшін бастапқыда таңсық көрінді, бірақ өз қатарластарымды көріп, күреске деген сезім оянды. Біздің ағайымыз Болат Сабырханов болатын. Білікті бапкерден тәлім алған біздер талай жарыста төбе көрсетіп, тіпті жүлдемен қайтатын едік. Сол уақыттарда бозкілемде тер төгіп, үнемі турнирлерде топ жарып жүретін ағалардың намыс-жігері, еңбекқорлығы, қайсарлығы бізге мотивация беретін.
Әлі есімде, бір жарыста Ғалымжан Өсербаев финалда ұтылып қалды. Бойында намысы қайнап, көзінде оты ойнап тұрған жас балуан төреші ысқырығы естілген бойда еңіреп қоя берді. Бозкілемнен шыға беріп, өзегінде өксік бар, өзін қоярға жер таппай, қаны тұлпардай тулап, тепсініп тұрды. Сырттай қарап тұрып, не деген намыс деп таңырқап қалдық. Жарыс аяқталды, келесі күні жаттығуға қайта келдік, айтпақшы мен ол кезде 26 келі салмақта аудандық жарыста екінші орын алған болатынмын.
Достарыммен бозкілемге беттегенде Ғалымжанның терлеп-тепшіп өз бетінше жаттығып жүргенін көрдік те, басымызды изеп қоя бердік. Бірақ сол еңбектің, жеңіске деген құлшыныстың арқасында Ғалымжан өзінің бұрыннан қарсыласын ақыры тұғырдан тайдырды. Оның есімін ұмытып қалыппын. Міне сол кезде Өсербаевтың қандай жігерлі балуан екенін ұқтық, Бүгінде ол әлемдік аренада елдің туын тік ұстап жүр.
Суретті салған себебім, осы бір аядай ғана спорт мектебіне кезінде күреске қатысқан достарымның балалық шағын бір еске түсіріп қойсам деп едім. Аман болайық...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
04 желтоқсан 2020 ж. 621 0