№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауыл спортының еңсесі биік

Ауыл спортының еңсесі биік


Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дені сау ұрпақ тәрбиелеу бұл бүгінгі күннің басты межесі. Өйткені дамыған отыз елдің көшіне ілесу жолында бәсекеге қабілетті, ой-өрісі озық ұлттың ұрпағы ғана тегеурінге төтеп бере алады. Оның үстіне, спорттағы жетістік мемлекет мерейін асырып, әлем елдері арасындағы беделді өсіреді. Сондықтан қазір елдің барлық өңірінде спорт кешендері көптеп бой көтеруде. Әсіресе Сыр өңірі, оның ішінде Жаңақорған ауданы көш басында келеді. Бұл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасының тиімділігін көрсетті. Соның бірі – Сүттіқұдықтағы спорт кешені.


Шыны керек, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары көптеген ауылда спорт мектептері жабылды. Осылайша талай халықты жастың бағы мен бабы жанбады. Ал қазір елді мекендерде спорт кешендері ашылып, спортпен шұғылдануға жан-жақты жағдай жасалуда. Әсіресе біздің ауданда бокс, таеквандо, шахмат және күрес және спорттық ойын түрлері дамып келеді. Білікті бапкерлер де жетерлік.
Мемлекеттік-жекеменшік әріп­тес­тік аясында іске қосылған Сүттіқұ­дықтағы спорт кешенінде бокс, футбол, еркін күрес және әйелдер күресі бойынша жүреді.
– Сүттіқұдықта біраз жылдан бері спорттық нысан сұранып тұрған-ды. Ауыл жастарының мұратын шыңдыққа айналдыруды қолға алып, заманауи спорт кешенін тұрғыздық. Қазір ауылдан бөлек көрші елді мекеннің жастары келіп футбол ойнайды. Еркін күрес және бокспен айналысады. Қазір ауыл мен қала өмірі теңесіп келеді. Әлем чемпиондары шығатынына сенемін. Сондықтан осындай жағдай жасауға ықпал жасаған аудан басшылығына алғыс білдіремін, – деді спорт кешенінің құрылтайшысы Гүлжайна Рысбаева.
№7 спорт мектебінің филиалы болып саналады. Қазір спорттың әр түрінен үш топтан бала жаттығады. Бұл туралы еркін күрестен 25 жылдық еңбек өтілі бар, білікті бапкер Қалназар Байділлаев сөз етті.
– Алғашқы дайындық тобында менде 15 бала тәрбиеленуде. Одан бөлек екі тобым бар. Сол секілді гандбол, бокс пен қыздар күресінен жаттығады. Бокстан екі топта 16 оқушыдан бар, бапкері – Ерсұлтан Мұзапаров. Қыздар күресінен Ақтөре Нұрманов жаттықтырса, гандболдан Нұрбек Барлыбай баптайды. Спорт кешені ауылда бұқаралық спорттың дамуына септігі тиді. Қазірдің өзінде спорттың төрт түрінен жаттығу залына жүзге жуық бала келеді. Осы жастардың арасынан болашақта елдің атын шығаратын спортшылар шығады деген сенім бар, – деді Қалназар ағай.
Ауданда еркін күрес, гандбол, бокс спортының бүгінгі белесі бір төбе. Еркін күресті айтпағанда, гандбол мен бокстың болашағына үлкен үмітпен қарап отырмыз. Өйткені олардың іргетасы ертеректе қаланып, бүгінде жастар жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Еркін күрестің шыққан шыңы өз алдына бөлек тарих. Сондықтан осындай спорттың ізінен еріп келе жатқан Сүттіқұдықта тәлім алатын балалардан чемпиондар шығатынына күмәнсіз қараймыз.
Түйіндей айтқанда, спортқа жаны ашитын, жастардың келешегіне жарқын жол аша білетін жанашыр нәзік жандылар мен азаматтардың арамызда жүргеніне неге мақтанбасқа. Осындай кешендер басқа да ауылдарда салынса нұр үстіне нұр болар еді.


Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.

23 қыркүйек 2020 ж. 968 0