№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Димаш "Үздік төреші" атанды

Димаш "Үздік төреші" атанды


Жақында Атырау қаласында өткен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында халықаралық дәрежедегі АИБА төрешісі Дінмұхаммед Абайхан «Үздік төреші» номинациясына ие болды. Бүгінде ол Жаңақорғандағы Әбдіғаппар Ашимов басшылық ететін №7 ОРМБЖ мектебінде бокстан аға жаттықтырушы.


Қазақстан бокс Федерациясында қазіргі кезде комиссия және АИБА мүшесі қатарында он төреші қызмет етеді. Солардың қатарында жаңақорғандық Дінмұхамед Абайхан да бар. Бұл аудан боксы тарихындағы үлкен бір белес деуге болады. Күні кеше Атырау қаласынан олжалы оралған жаңақорғандық бапкерден чемпионаттың қорытындысын сұрадық.
– Қаңтар айының 20-25 күндері Атырау қаласында өткен 2002-2003 жылы туған жастар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатына 200-ге жуық спортшы қатысты. Медальдар жиынтығы 11 салмақ дәрежесі бойынша сарапқа салынды. Кіл мықтылар жиналған жарыста нағыз бабындағы боксшылардың жолы болды. Чемпионаттан түйгенім, қазақ жастарының қарқыны қатты қуантты. Әлі талай әлемдік аренада атой салатын жастар өсіп келеді. Осындай байрақты бәсекеде әділеттілік танытып, қызметіме жауапкершілікпен қарағандығымды ескеріп, «Үздік төреші» атылымымен арнайы статуетка сыйға тартты, – дейді Дінмұхаммед Абайхан.
Ең алғаш 2013 жылдан бастап жасөспірімдерге төрешілік ете бастаған Дінмұхаммед 2016 жылдан бастап ересектер арасында бәсекеге төрешілік етіп жүр. Талай чемпионаттарда өзінің төрелігін айтып, әділеттілігін ту еткен жас бапкердің болашағы баянды. Келешегі кемел. Сәтін салса, алда Әлем және Азия чемпионаттарына төрелік ету бағы бұйыратыны айқын. Айта кететіні, Дінмұхаммед 2018 жылы Павлодар қаласында шетелдік мамандардың қатысуымен өткен аттестациядан сүрінбей өтіп, өңірде алғаш болып, АИБА төрешілігі қатарына енді. Бұлда болса, Құрбаш Саркулов негізін қалаған ауданның бокс тарихындағы елеулі сәт. Бүгінде тек төрешілік етіп қана қоймай, өзі де аға бапкерлік қызметін абыройлы атқарып жүр. Талай шәкірттердің қанаттануына қолғабыс болған бапкердің бірнеше шәкірті халықаралық додаларда атой салып, аудан намысын асқақтатып жүр.
– Бұқаралық спортты дамы­ту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дені сау ұрпақ тәрбиелеу бұл бүгінгі күннің басты межесі. Оның үстіне, спорттағы жетістік мемлекет мерейін асырып, әлем елдері арасындағы беделді өсіреді. Әрі, озық отыз елдің көшіне ілесу жолында бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіру үлкен міндет. Бұл бағытта өңірде спорт кешендері көптеп бой көтеруде. Әсіресе Сыр өңірі, оның ішінде Жаңақорған ауданы көш басында келеді. Аудан орталығынан бөлек, ауыл-аймақтарда түрлі спорт түрлерінен үйірмелер ашылып, ауыл баласының тынысы кеңейе түсті. Өздеріңізге белгілі, талай шыңдарды бағындарған спортшылардың басым бөлігі осы ауылдан шыққан, – деді Дінмұхаммед Абайхан бізбен әңгімесінде.
Былтыр жыл соңында Қарағанды қаласында өткен семинарда үздік танылып, “Жыл төрешісі” марапатына ие болды.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ
28 қаңтар 2020 ж. 903 0