№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастардың болашағына жарқын жол

Жастардың болашағына жарқын жол

Бұқаралық спортты дамыту, са­лауат­ты өмір салтын қалыптастыру, дені сау ұрпақ тәрбиелеу бұл бүгінгі күн­нің басты межесі. Оның үстіне, спорттағы жетістік мемлекет мерейін асырып, әлем елдері арасындағы беделді өсіреді. Әрі, озық отыз елдің көшіне ілесу жолында бәсекеге қабілетті ұрпақ өсіру үлкен міндет. Сондықтан қазір елдің барлық өңірінде спорт кешендері көптеп бой көтеруде. Әсіресе Сыр өңірі, оның ішінде Жаңақорған ауданы көш басында ке­леді. Бұл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасының тиімділігі көрсетті.
Тәуелсіздіктің жемісі ретінде бір ғана Қызылорда облысында биыл 37 млрд. теңгеге 400 мың шаршыметр әлеуметтік құрылыс нысаны салынды. 2019 жылдың соңында Қызылорда қаласында 240 пәтерлік көпқабатты үй пайдалануға берілді. 
Былтырдың өзінде Жаңақорған ауданы бойынша төрт спорт ғимараты пайдалануға берілді. Қожакент пен Сунақ ата ауылдық округіндегі қос ғимарат жыл соңында ашылды. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов арнайып келіп, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Сыр өңіріндегі әлеуметтік нысандарға, тұрғын үй, спорт және мәдени кешендер, дәрігерлік бекеттерді жүзеге асыруға баса мән беріп жатырғанын айтқан аймақ басшысы Жаңақорғандағы қалған сегіз нысанды 2020 жылы беруге ықпал жасайтынын жеткізді.
– МЖӘ кәсіпкерлердің ісіне дем беріп, батыл қаракет жасауына мүмкіндік туғызды. Сүттіқұдықта біраз жылдан бері спорттық нысан сұранып тұрған-ды. Ауыл жастарының мұратын шыңдыққа айналдыруды қолға алып, заманауи спорт кешенің тұрғыздық. Қазір ауылдан бөлек көрші елді мекеннің жастары келіп футбол ойнайды. Еркін күрес, бокспен айналысуда. Қазір ауыл мен қала өмірі теңесіп келеді. Әлем чемпиондары шығатынына сенемін. Сондықтан осындай жағдай жасауға ықпал жасаған облыс әкімі Қуанышбек Досмайұлына алғыс білдіремін, – деді Сунақата ауылдық округінде ашылған спорт кешенінің құрылтайшысы Эльмира Нұрғалиқызы.
Айта кетейті, бағдарлама аясында Өзгент, Жайыл­ма, Қосүйеңкі, Кеңес, Екпінді, Қыраш ауылында 150 орындық клуб құрылысын жүргізу жоспарда бар. Сондықтан, өңір басшысының қолдауымен жүзеге асып жатқан нысандар әсіресе жастардың болашағына жарқын жол ашатын болады.


15 қаңтар 2020 ж. 1 008 0