№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғанға бұйырмаған «мал базарының» жыры

Жаңақорғанға бұйырмаған «мал базарының» жыры


Қарабұлақ. Бұл ауылдың атын атағанда қасапшы қауымның құлағы елең ете қалары түсінікті. Себебі, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылы 10 мыңнан аса мал басы сиятын мал базарымен танымал. Жылдың қай мезгілінде барсаңда бұл құтты мекенде төрт түліктің саудасы қыж-қыж қайнап жатады. Тоғыз жолдың торабында орналаспаса да тірлігі түзеліп, шаруасы шалқып тұр.
Ал, Сыр өңіріндегі төрт түліктің төрттен бірі Жаңақорған ауданында екенін бәрі біледі. Тіптен, бір ғана «Сыбаға» бағдарламасының орындалуы бойынша аудан өзге өңірлерден көш басында тұр. Бірақ, Жаңақорғандағы орталық мал базарына сұраныс жоқ. Сыр мен Қыр беткейдегі ағайын ала жібін арқалап, сиыр сатып алу үшін не сату үшін Түркістанға аттанса, Төменарық аумағы көршілес Шиеліге жол жүреді. Негізі аудан орталығында бар жағдайы жасалған мал базары бар. Жолы тақтайдай түзу. Асфальттанған. Іші құмшауыт. Алайда ақысыз, ешқандай салық төлеместен тұра беруге мүмкіндік жасаған мал базарының иесі Пахырдин Тұрғанбаев Жаңақорғанның халқына мал базары қажет емес екенін кесіп айтты. Өйткені, 2000 – жылдың басында 4-5 жыл жұмыс жасаған орталық мал базары бүгінде қаңырап тұр.
– Біздегі мал базарының артықшылығы – орталықта орналасқан. Жері батпақ емес, құмшауыт. Бір кездері аптасына екі мәрте базар болсын, тегін келіңіздер деп аудандық басылымға жарияладым. Бірақ еш қозғалыс жоқ. Мал базарының жұмысы тоқтап тұрғанының бірден-бір себебі – аудан орталығына ауылдық округтердің арақашықтығының алшақтығы. Ең жақыны Жайылма. Қалған ауылдар жол шығынын есептеп, жақын маңдағы көршілес аудандарға кетеді. Сондықтан тұрғындар тарапынан орталықтағы мал базарына сұраныс болмай тұр, – дейді кәсіпкер Пахырдин Тұрғанбаев.
Ендігі кезекте көршілес Шиелі ауданындағы «Әбдіркәрім ата» мал базарының мүмкіндігіне тоқталсақ. Бұл базар 1993 жылдан бері тоқтаусыз жұмыс жасап тұр. Бүгінде Аралдан бастап, Жалағаш, Қызылорда қаласынан келіп мал базарының көркін қыздырады. Мұнда автотұрақ, қонақ үй, шайхана сынды қызмет көрсету сервистерімен стандарт талаптарына сай. Бұл да болса, кәсіптің осы түріне бейімделген мал базары иелерінің бағы деп білеміз.
Әңгіменің әлқиссасын 10 мыңнан аса ірі қара сиятын мал базары Қарабұлақпен бастадық. Енді сол 50 мыңнан астам тұрғыны бар Қарабұлақ ауылымен қайта түйіндесек. Мұнда төрт түлікті семіртіумен 15 фермерлік шаруашылық шұғылданады. Олардың кішісінде кемінде 100, ірісінде мыңға тарта мал бордақыланады. Бұл ауылдағы мал шаруашылығы кәсібінде төрт түлікті тірідей һәм бордақылау өндірісін өрістету арқылы бүкіл республикаға танымал болды. Оған қоса, ауылдық округте мал соятын 12 бекеті бар. Тәулігіне 40 тонна ет еліміздің түпкір-түпкіріне жөнелтіледі. Бір сөзбен айтқанда, мал шаруашылығы кластері дамыған деген сөз. Болмасаң да ұқсап бағу – бүгінгі күннің басты талабы.
Түйіндей айтқанда, өзгеден үйренеріміз көп. Белгілісі, Жаңақорған – бағзыдан атакәсіпті арқау еткен берекелі аймақ. Жазиралы жайылымы төрт түлікті түлетіп һәм төлдетуге таптырмайтын жер. Дала дидарының тұмса табиғатын осы қоныстан табасыз. Десе де, тұрғындар қорасындағы азын-аулақ түлігін өзімізде пұлдаса деген тілек бар. Сонда салықта, тасымал шығын да өзімізде қалар еді. Оған қоса, базар бағамына да оң ықпалын тигізер ме еді...
27 ақпан 2018 ж. 2 156 2

Гость Jeahulalf от 13 ақпан 2019 22:57
Viagra A L'Unite Cialis Che Cos'E Best Online Buy Viagra cialis prices Lily Icos Cialis Periactin Otc

Гость Jeahulalf от 5 наурыз 2019 13:47
Vendo Cialis Concepcion Vardenafil Hcl 20mg Tab cialis canada Kamagra Ajanta Oral Jelly Pharmacybiz