Жаза басқандармен жұмыс күшейді
Облыс бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандармен құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасауына жол бермеу мақсатында «Шартты түрде» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Бұл профилактикалық іс-шара ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы №517 бұйрығымен бекітілген Қағиданың 1-тарауының 3-тармағы 3-тармақшасына сәйкес және Қызылорда облысның ПД-мен ҚАЖД-нің бірлесіп бекітілген жоспарының 3-тармағы бойынша жүзеге асуда. Жаңақорған адандық пробация қызметінің есебінде қазіргі кезде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталған 80 азамат тұрады. Іс-шараның тағы бір мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтап, аудандық полиция бөлімі мен жергілікті полиция қызметімен бірлесе, олардың мінез-құлқына бақылау жасау. Есептен жалтару, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасамауына байланысты тәрбиелік жұмыстар жүргізу және оларға өз құқықтары мен жауапкершіліктерін түсіндіру міндеті тұр.
Мұндай профилактикалық іс-шара алдағы уақытта да өткізіліп тұрады. Ең бастысы, қоғамдағы тәртіпті түзеп, ел тыныштығының бұзылмауын қамтамасыз етуге еңбек етеміз.
А.Искаков