Дара тұлға
Қазаққа ғасырлар бойы арман болған Тәуелсіздікке қол жеткізу бір бақыт болса, алғашқы күннен мемлекет тізгінін қолға алған басшының ел бағына жаратылған ерек тұлға болуы, екінші бақыты болғандай. Бұл сөзімізге Тұңғыш ПрезидентімізНұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аз ғана уақыт ішінде Қазақстанды дүниежүзі танып мойындайтындай аренаға шығарған асқақ стратегиясы дәлел. Әдетте шағын мемлекеттің жер жүзі шеңберінде танылуы қиын. Он сегіз миллион ғана халқы бар қазақ елінің мәртебесінің биіктеп төрткүл дүниеге мәшһүр болуында ғаламдық ауқымдағы саясаткер тұлға Ұлт Көшбасшысының зор қолтаңбасы бар деп сеніммен айта аламыз.
Халық аузында «Бостандық бодандықтан да қатты сынайды» деген мәтел бар. Бізге тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Егенмендіктің алғашқы күндерінде ел тұрмысының қатты төмендеп кеткенін көзімізбен көріп, бастан кештік. Айлық жалақы уақтылы берілмеді, зейнетақыны айлап ала алмаған күндер болды. Елімізде халық шаруашылығына қажетті барлық өнім өндірілгенімен бюджеттің 7 – ақ пайызы республика меншігіне тиесілі, қалғанына түгел одақтық ведомство иелік етіп, меншікті қолдан бермегендіктен өндіріс орындары толыққанды жұмыс жүргізе алмай жүрісінен жаңылды. «Алдымен экономика, саясат содан кейін» деген ұстанымға тоқтаған ел басшылығы қандай жолмен болсын халық тұрмысын көтерудің әдіс-тәсілдерін меңгеруге көшті.
Осындай ауыртпашылықтар еңсені езген алмағайып уақытта ел астанасын Алматыдан Арқа төсіне ауыстыру туралы Елбасының идеясын көпшілік қолдай жөнелмек түгілі қарсы шыққандар аз болмады. Ел қиналып жатқан шақта бұл талапты «жығылғынға жұдырық» санаған «жанашырлардың» ақыл-кеңесі де аңтарылған ағайын көңілін алажарқа етті. Бұл сұңғыла саясаткердің Тәуелсіздіктің алғашқы таңында тәй-тәй басқан сәби сынды бойын енді тіктеген елдің еншісіндегі иелігіне жан-жақтан сұқтанып, жанды тұсын жаралаудың алдын алған ауқымды шешімі екенін екінің бірі ұға білмеді.
Осы жерде мына оқиғаны келтірелік. 1994 жылғы «Қазақ әдебиеті» газетінің кезекті санында бір топ жазушының Целиноград қаласының болашақ астана ретінде әлеуетімен қоса бұл қадамның саяси маңызын да жан-жақты саралап жазған піікірлер топтамасы жарық көрді. Аяқастынан жарқ ете қалған тосын тақырып үшін әрине Орталық комитет газет редакторынан түсінік талап етті. Ол кезде газет редакторы Оралхан Бөкеев демократияны алға тартып, қаламгерлердің еркін сөзіне ерік берілуі керек деген мағынада жауап беріп қана сыпайы құтылады. Ал шындығында олай емес, бұдан біраз бұрын Президенттің Финляндияға барған сапарында делегация құрамында болып, Арқаның үстімен ұшып бара жатқанындаиллюминатордан төменге зер салған Елбасының «Қазақтың алтын қазығы, қандай ұлан-асыр кіндік мекен, бұл жерді қадір-қасиетіне қауыштырып ұлттың ұлы бесігіне айналдыру керек, сол кезде елдігіміз де нығайып, кепиет-киесі қайта күшіне мінеді. Осыны халықтың ойына салып, құлағын үйрету керек» деп арқалы қаламгерге тікелей қолқа еткен жүрек сөзінің айшықты жалғасы еді бұл.
Нұрсұлтан Әбішұлыының бала жастан ой-өрісінің озық, қатарынан көп ілгері кемел қалыптасуының сыры – оның қиындықта шарболаттай шыңдалып, өз қайрат-жігеріне сенім артып, асқақ арманға алатау талаппен ұмтылуды өмір мәніне айналдыра білген бай мінез, байыпты ұстанымының жемісі болса керек. Шамалғандағы Абай атындағы орта мектебін тәмамдаған соң өз бетінше білімге ұмтылып, қара еңбектің қазанында қайнай жүріп, қабатында біліктілігін арттырып, қазақ баласының жүрегі дауалай қоймайтын қызу еңбек ортасында өзге ұлттармен бірдей тіл табысып, тіпті олардың алдына шығып, жетекшілік ете алуы болашақ лидерді қалыптастырып шыққаны өмір шындығы. Ұлы ақын айтқан «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» қағидасын жас шағынан бойына сіңіруінің нәтижесінде көптілді, көпдінді мемлекетімізде барша ұлтты тең көріп, қанатының астына ала білуімен сан ұлттың ынтымағы жарасқан, барлығының бірдей кемел келешегіне кепілдік берілген берекелі мекеннің негізін қалыптастырды.
1995 жылы құрылған Қазақстан халықтары Ассамблеясы біздің елімізде ғана бар бірегей жоба.
1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайын, келесі жылы Форумын ұйымдастырудың да негізінде өткен тарихта өксік боп қалған бабалар арманын тірілтіп, түпқазығына қондыру талабы тұнып тұр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Назарбаев феноменін от пен су қатар тоғысқандай деуі, Батыс пен Шығыстың, капитализм мен соцмализмнің, нарық пен жоспардың, тіпті мұсылмандық пен христиандықтың тінін қатар алып жүрген, кадр таңдауда, тәрбиелеуде осы екі жүйе құндылықтарын да терең білетіндігімен ерекшеленетін ерек тұлға деп бағалауында үлкен мән жатыр.
Елдің мүмкіндігі елді басқаратын адамның мүмкіндігіне тәуелді.
Егемендік алған күннен ұлттық банк жүйесін құру, ұлттық валютамыз – теңгенің айналымға келуі ұлттың өз экономикалық жолын таңдауына серпін берді. Бұған дейін Одақ астанасы Мәскеуге бағынып, соның нұсқауымен ғана жұмыс жасайтын елде сыртқы іқстер министрлігі құрылып, шекараны шегендеу мен ұлттық дербестіігімізді сақтау, қауіпсіздік мәселелерін қатаңдату талабын қолға алды.
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен ел астанасы – Нұрсұлтанның туған күндерінің тұспа-тұс келу мерекесінің символикалық мәні бар.
ЕЛОРДА МЕН ЕЛБАСЫ
БІР ҰҒЫМ
Алғаш 1994 жылы шілдеде алғаш мағлұм болған шешімді мезгіл мінберіне қойып, ел талқылауына ұсынып, талдап-таразылап, ақарында іс жүзіне асыру бір бөлек, осы ұлы міндеттің барлық тарихи мақсат-мұраттарымызды қанағаттандыруына да қырағылық талабынан айнымаған Елбасының талапшылдық қасиетіне қайран қалмасқа әддіміз жоқ. Қала құрылысы жүріп, халық қоныстанып, қалыпты тыныс-тіршілігіне көшкен соң да астана көркін күн сайын көзден өткізіп, әрбір көшенің атауына мән беруінің, тіпті ірі ғимараттар маңдайшасындағы жарнамаларға түзету ендіруінің арқасында бұған дейін жаппай орысша аталып келген Целиноград кезіндегі көп атаулар ұлттық ұлылыққа бағытталып, қазақтың даналары мен батырларының есіміне ауыыстырылды.Бұл қадам өз кезегінде жаппай насихаттық шараларға жол ашты. Өйткені жетпіс жылда өзегінен ажырай бастаған халықтың тарихтан мақұрым қалған жағдайы да жоқ емес, мәселен, бір күнде Кеңесары есімін еншілеген көшенің тұрғындарының жартысы оның кім екендігінен бейхабар, сондықтан жан-жақты түсінік жұмыстары қатар жүргізілді. 600-дей көше қааазақшаланды. Барлығына бірдей кісі аттарын беру міндет емес. Қазақ ел-жерге ат бергенде жер-су аттарын да шебер пайдалана білген ғой. Елбасы мұны да ескертті. «Жер-судың аты – бабалар хаты» деді. Қала көркін абаттандыру бір бөлек, алдымен тұрғындар санасын мәдениеттілікке бұру талабы бірінші орында тұрды. Мәселен, алғашқы кездері көпшілікке арналған орындықтарды сындыру, жарықшамдарға тас атып, көше тазалығына сын түсірген жағдайлар болмай қалған жоқ. Қала әкімгершілігі ең бастысы осындай жолсыздықпен күресті жолға қойды. Астана халқының мәдени эстетикалық имиджі де қалыптасты. Қазірде ол прогрессивті озық қалалар қатарында ерекше сән түзеп, өзіндік өрнегімен көп елге үлгі.

Баян ҮСЕЙІНОВА