№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕЛОРДА ТӨРІНДЕГІ ҚОС САММИТ

ЕЛОРДА ТӨРІНДЕГІ ҚОС САММИТ


Шанхай ынтымақтастық ұйымын қалыптастырған алты ел – Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан президенттерінің қатысуымен маусым айында Астана төрінде ұйымның тарихи саммиті өтті. 15 жылдық белесті артта қалдырған бұл ұйым енді кемелдікке келіп, кеңеюде. Жаһан назарын Астанаға аударған айтулы шара – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен бастау алып, Үндістан мен Пәкістан елдері ұйымға толыққанды мүше болып қабылданды. Сарапшылар «тарихи саммит» деп бағалаған ШЫҰ аясында бірлескен жобаларды қаржылық қамтамасыз ету мақсатында ШЫҰ Даму банкін, Даму қорын құру мәселелерін талқылау бойынша эксперттік деңгейдегі консультацияларды жалғастыру маңыздылығы айқындалды. Және де ұйымға мүше елдердің ақпараттық кеңістіктегі Әдеп кодексі әзірленетіні белгілі болды. Соңыра, ШЫҰ төрағалығын Қытай елі қабылдап, кезекті саммит 2018 жылдың маусымында өтетін болып нақтыланды.
Сондай-ақ бұл жылы қыркүйек айында Елордада Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммиті өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев саммитте қазақ халқының ислам әлемімен қарым-қатынасы қадым заманнан тамыр тартатынын атап өтті. Әрі қазіргі заманның сын-қатерлеріне төтеп беру үшін күш біріктіру керектігін айтып, ортақ Ғылыми-инновациялық қор құруды ұсынды. Жұмыс сессиясының қорытындысы ретінде Астана декларациясына қол қойылды.

Әбдісамат ӘБДІШ.
04 қаңтар 2018 ж. 1 769 0