№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Есеп беру-2020: бейнет пен береке

Есеп беру-2020: бейнет пен береке

Сыр өңірінде Жаңақорғанның әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени тұрғыда озық ауданнан мүмкіндіктері мол. Бұл мұрат-мақсатты тұғырлы ету жолында сапалы кадр да, сергек ақсақалдар да, саналы жастар да бар. Оған аймақтың тиімді орналасуы мен табиғи-ресурстық мүмкіндігі тиімді жағдай туғызатынын қосыңыз. Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің 2020 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі қорытынды есебінде осындай озық үлгіні ұғып, негізгі міндеттерді сараладық.
Әрине, атқарылған бастамалар аз емес. Дегенмен аудан басшысы есептік кездесуде айтқанындай, негізгі 5 мәселеге тоқталсақ.
Бірініші қажеттілік – сапалы ауыз сумен қамтамасыз етті. Екіншісі – тозығы жеткен электр желілерін жаңарту. Үшіншісі – интернеттің жылдамдығын арттыру. Төртіншісі – елді мекендердің маңындағы жайылымдық жерлерді реттеу. Бесіншісі – мал ұрлығын болдырмау.
Адамдардың өмір сүру сапасының артуымен, сұраныстың жаңа түрлері пайда болып, қажеттіліктер қалыптасуда, бірақ, ең негізгісі, әрі аудандағы барлық ауылға ортақ мәселелер осы.
Мұны қалай шешуге болады. Аудан басшысы бұған нақты жауап берді.
– Талап-Сырдария топтық су жүйесінің Сырдария бөлігі өткен жылдың соңында пайдалануға берілді. Биыл тау беткейіндегі елді мекендер су жүйесіне толық қосылады. Бірақ өмір болғаннан кейін халықтың өсімі тоқтамайды, тұрғын үйлер жаңадан салынып жатыр. Ол үйлерге су жетпей қалып жатады. Оның барлығы проблема болып саналмайды. Оны ауыз су мекемесінің өздері құжаттарын дайындап, кезеңімен қосып беретін болады
Жаңақорған кентіне келетін болсақ, 2020 жылдың 24 сәуірінде мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша «ҚазҚұрылысСервис» ЖШС кенттегі әрбір тұрғын үйіне су құбырын жеткізу сервистік желісін салу жұмыстарына жауапты мердігер болып табылды. Мамыр айының басында үй-үйге су кіргізу ісі басталды. Бірақ мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан екінші компанияның сотқа арыздануына байланысты 3 маусымда тоқтады. Ал 8 қыркүйекте «Қаз Құрылыс Сервис» ЖШС қайтадан жеңімпаз болып табылды. Осы процесс жұмыстың жүйілі жүргізілуіне кері әсерін тигізді. Бұл жұмыстар биыл аяқталады, – деді Руслан Рүстемұлы.
Электр желілеріне келер болсақ, бағаналар мен желінің 70 пайызы тозығы жеткені белгілі. Мұны – осы саланың мамандар растайды. 1965-1970 жылдары қойылған бөрене бағаналардың тозығы жетті. Ауа райының қолайсыздығына сәйкес электр желілерінің үзілуі, бағаналардың сынуы мен құлауы жиі орын алады. Әсіресе, қаңтар айында қалың қар түсіп, жел ұйытқыған кезде мұның қиындығын сезіндік. Бүгінде Жаңақорған кентінің электр желілері мен бағаналарын ауыстыру үшін жоба дайындалды. Жобаның құны – 3 млрд. теңге. Егер жоба іске асқан жағдайда кенттен шыққан электр желілерінің жарамды бөлігін елді мекендерге уақытша пайдалануға болар еді.
– Үлкен жобаны қаржыландыру да оңай болмайды. Сол үшін облыстық мәслихат, және Мәжіліс депутаттарын жұмылдыра отырып, республикалық, облыстық бюджеттерден қаржы қарастыру жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Аудандық электр тарату торабы биыл өз мүмкіндігімен Қандөз, Келінтөбе, Бесарық, Ақүйік, Сунақата, Сүттіқұдық, М.Нәлібаев ауылдық округінде жөндеу жұмысын қолға алады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары да жалғасын табады, – деді аудан басшысы.
Аудандағы тағы бір күрмеуі толық шешілмеген мәселенің бірі – интернеттің жылдамдығын арттыру. Бұл мәселенің өзектілігі карантин кезінде қатты сезілді. Қазір де ЖОО, колледж және мектеп оқушылары қашықтан білім алып жатқан кезде жоғары жылдамдықты интернетке қажеттілік бар.
Бұл қызметтің түрін «Қазақтелеком» және «Транстелеком» акционерлік қоғамы көрсетіп келеді. Өткен жылы біршама елді мекенге талшықты оптикалық желі арқылы интернет тартылды. Білім беру ұйымдарының оқу процесіне кедергі келтірмес үшін бірінші кезекте мектептерге тартылды. Биылғы жылғы жоспарларына сәйкес аталған екі мекеме елді мекендердегі тұрғын үйлерге апаратын болады.
Біз жоғарыдағы аталған акционерлік қоғам тарапынан қосып береді екен деп қарап отырмай ақпан айының 15-не дейін интернет желісінің аясында қызмет көрсетіп келе жатқан «Қазақтелеком», «Транстелеком» АҚ-ның облыстағы филиал басшылары мен ұялы байланыс операторларының басшыларын шақы­рып, аудан көлеміндегі интернет желі­сінің жылдамдығын арттыру мәселесін «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының саяси кеңес бюросында қараймыз, – деді әкім.
Аудандағы проблемаға айналған ұсыныстың бірі – мал ұрлығы мен басқа да күнделікті тұрмыстық қылмыстардың өршуі. Бұл бағытта аудандағы құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс атқарылғанымен, нәтижеге тұрғын­дардың көңілі тола бермейтінін естіп жүрміз.
2020 жылы 59 мал ұрлығы немесе 123 бас мал шығыны орын алды. Оның 10-ы Аққорғанда, 9-ы Сүттіқұдық, 8-і Қожамберді ауылдық округінде орын алды.
– Жан-жақты зерделеу жұмыс­та­­ры­­ның нәти­жесінде аудандағы 30 учаскелік полиция инспекторының 9-ы (Қандөз, Жаңарық, Қыркеңсе, Байкенже, Сунақата, Төменарық, Сүттіқұдық, Жайылма, Шалқия) сол елді мекенге қатынап, жұмыс істейтіні белгілі болды. Ал, аудандық полиция бастығының мәліметінше, қылмыстың басым бөлігі тәуліктің екінші жартысында орын алады. Бұл айтпаса да түсінікті жағдай. Өйткені учаскелік полиция инспекторы белгіленген ауылға көшіп бармаса, ауыл тұрғындарымен етене араласпаса, танысып, түнгі мезгілде беймезгіл жүрген тұрғыны, жастары мен оқушылары болсын, көліктердің жүріп-тұруы болсын, ол ұдайы қадағаламағаннан соң, осындай жағдайлар орын алады, – деп аудан әкімі полиция инспекторларының жұмыс істейтін елді мекеніне көшіп баруын міндеттеді.
Бұл талап қатынап жұмыс жасай­тын ауыл әкімдері мен мектеп директорларына да қатысты екендігі ескертіліп, хаттамалық тапсырма берілді. Атап айтқанда, қатынап жұмыс істейтін Көктөбе, Қаратөбе, Қандөз, Жаңарық, Қыркеңсе, Байкенже, Кейден, Шалқия, Төменарық, Сунақата ауылының әкіміне де қатысты жайт. Сондай-ақ №194, №162, №86, №161, №254, №247, №255, №167, №256 мектептің директоры қызмет істейтін елді мекенге көшіп баруды тапсырды.
Кейінгі уақытта көп айтылып жүрген елді мекендердегі мал жайылымдық жердің жайына алаңдауға негіз бар. Мәселенің өзектілігін ескерген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл соңына дейін пайдаланылмай тұрған шаруа қожалықтардың жерін қайтару жөнінде Бас прокуратураға тікелей тапсырма берді.
– Жайылымдық жерге байланысты жиналыстар өткізіп, түсіндіру жұмыс­тарын жүргізу керек. Мен ауыл әкімдеріне шаруа қожалықтармен бірлесіп, ашық жұмыс істеу жөнінде тапсырамын, – деп нақты талап қойды әкім.
06 ақпан 2021 ж. 1 677 0