№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Учаскелік полиция беделді ме?

Учаскелік полиция беделді ме?

Бірде дастархан басында келелі әңгіме құрылды. Әр тақырыпты бір шолып, полиция беделіне тоқтадық. Содан әркім әр жерден қоғамдағы полицияның беделі жайлы сөз саптады. Дәйекті сөз қозғаған бір ағамыз Жасұзақ Аманбаев, Әлібек Сүгірбаев, Әбдіраман Сарманов, Аманай Жанадилов және т.б халық ара­сындағы абыройы биік, мысы басым, талап-үдесі әділетті болғанын ортаға салды. Қазір ше? Осындайда қаламгер Ерубай Қалдыбек ағамыздың мынай сөзі ойға оралады: «Полиция адам таңдайды һәм талғайды. Оған талай рет бірлескен рейдттерде шыққанымда куә болғанмын». Дегенмен құқық қорғау саласында міндетін адал атқарып, беделді, белді қызметкерлер де жоқ емес, бар. 

Қазір учаскелік полицейлердің беделі қайта көтеріліп келеді, өйткені елге жақындай түсу арқылы қызметке сенім мен салаға серпіліс беретіні анық. Біздің елде биылдан бастап учаскелік инпекторлардың құзыреті кеңейіп, мәртебесі көтеріледі. Сәйкесінше, тәртіп сақшыларына деген жауапкершілік те артқаны сөзсіз. Өйткені қоғам оларға толық сенім арта алатын деңгейге жетуі тиіс. Түптеп келгенде, тәртіп сақшыларының бүгінгі қызметіне халық нақ осы учаскелік полиция инспекторларының жұмысына қарап баға береді. Сондықтан оларға артылған сенім жүгі де, талап та ауыр. Ендеше мұндай инспекторлардың мәртебесін арттыратын кез келген секілді.
Шынын айту керек, Қазақстанда полицияның сервистік моделі қолға алынғалы бері құқық қорғау орган­дарының қызметі де қолжетімді бола бастады. Өйткені сервистік модельдің дамуымен ауладағы дүкендерден, үйге кіреберістен әлгі учаскелік тәртіп сақшымыздың суреті мен байланыс телефонын көретін болдық. Құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты қандай да бір мәселеміз туындай қалған жағдайда алдымен осы учаскелік полицияға хабарласу керек екенін түсіндік. Алайда суретін көріп, байланыс нөмірін білгенімізбен бұл қадам инспекторлардың халық алдындағы беделін арттыра алған жоқ. Өйткені тұрғындар шен таққан құқық қорғау қызметкерлерін көбіне көшедегі көліктердің құжатын тергеп-тексерудегі іс-қимылын ғана көріп, іштей ренжиді. Тіпті ұрлық-қарлықты дер кезінде ашылмауына полиция қызметкерлерін кінәлайтындар арамыздар бар…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Жұртқа жақын полиция» қағидаты бойынша жергілікті полиция қызметінің мейлінше тұтас реформасын жасау қажеттігі пісіп-жетілді. Осыған орай учаскелік инспектордың рөліне баса мəн берілетін болады. Учаскелік инспектордың мəртебесін заңнама арқылы арттырып, оның өнімді жұмыс істеуіне мол мүмкіндік беріледі. Ол азаматтар алдында танымал, қолжетімді əрі беделді болуға, солардың құқықтарын қорғауға тиіс. Бұл – Президенттің пәрмені.
Ауыл немесе қала болсын учаскелік полицейлер қоғаммен тікелей байланыс орнатуға мүдделі болуы тиіс. Оның үстіне, бұл сала уақыт өткен сайын цифрлық технологияға көшуде. Азаматтардың құқығы аяқасты қалмас үшін учаскелік инспекторлардың мәртебесін ауызбен айтып емес, Мемлекет басшысы атап өткендей, заңнама арқылы арттыру қажет. Бұл қадам не береді? Ең алдымен, тәртіп сақшыларының беделі артып, халық алдындағы абыройы асқақтайды. Өз кезегінде абырой-беделі артқан инспектор да жұртқа барынша жақын болып, азаматтардың құқығын қорғауға барын салады деген сөз. Ел Президенті меңзеп отырған «Жұртқа жақын полиция» қағидатының өзегі – осы.
Өткенге бір оралып көрейік, мәселен Төменарық елді мекенінде полиция қызметін атқарған Махмуд Нысанбаев ағамыздың мысы басым болды. Оның тұла-бойын көріп, есімін естігенде жастар аяқ тартып, бұзақылыққа бара бермейтін. Бірақ қазір жастар жүгенсіз кетіп барады. Шын, қазір қоғам күрделеніп келеді. Отбасыдағы зорлық-зомбылық, жастардың тәртіпсіздігі, есірткі қылмысы, осы секілді қоғамда толып жатқан мәселелер жетеді. Әрине күні-түні табанынан тік тұрып, қоғам тынышын қорғауда олардың еңбегі зор. Елдегі төтенше жағдай кезінде біз оған куә болдық. Арнайы посттарда қызметтің қазаны қайнаған тұста олармен бірге болдық.
– Қазір жастар криминалды қылмыс ашудың қыр-сырын біле бермейді. Ол үшін көп іздену керек, арнаулы білім де керек. Қазір техниканының дамыған заманы. Қылмыс ашуға мүмкіндік де өте көп. Жастар тез тәрбиеленеді, сондықтан дұрыс бағыт көрсетіп, дұрыс тәрбиелей беру керек. Біздің кезде бөлек болды, ашылмаған қылмыс қалмады.  Міне біздің учаскелік полиция ретіндегі абыройымыз осы қызметімізбен өлшенді, – деді құқық саласының ардагері Жасұзақ Аманбаев.
Біздің бұл салада білетінімізден білмейтініміз көп. Өйткені қызығынан қиындығы басым бұл мамандықты таңдайтын білімді, білікті жастарды қатары көп дей алмаймыз.
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы халыққа Жолдауында жергілікті полиция қызметіне айрықша тоқталды. Бұл кездейсоқ емес, себебі жергілікті полиция қызметі полицияның халықпен тікелей қарым-қатынаста болатын бөлінісі саналады. Сондықтан оларға артылар ең бастысы сенім жүгі екі еселенетін болады. Бұл жүкті біздің қызметкерлер абыройлы алып жүреді деген сенімдемін, – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғани Тұрсекеев.
Қорыта айтқанда, бүгінгі учаскелік полицейлердің беталысы, бағыт-бағ­дары, ел алдындағы бедел биігін осылай таразыладық. Жұмыс жүйелі, қолданысқа енгізгелі тұрған заң аясы ауқымды, берері мол. Ендігі мақсат осы сенім үдесінен шығып, елдің қорғаушысы деген атқа лайық болу...
24 қаңтар 2021 ж. 1 261 0