Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 008

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 041

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 853

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 355

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 563

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 555

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Үш жасар баланы құтқарған тәртіп сақшыларына алғыс білдірілді

Үш жасар баланы құтқарған тәртіп сақшыларына алғыс білдірілді

Ақпан айының соңғы аптасында бұқаралық ақпарат құралдарында Қызылорда қаласында учаскелік полиция инспекторлары көпқабатты үйдің терезесі алдында тұрған үш жасар баланы құтқарып қалғандығы туралы ақпарат таратылды.

Оқиға Қызылорда қаласындағы «Шұғыла» мөлтек ауданында орын алған. Көпқабатты үйдің жоғарғы қабатының бірінде ашық тұрған терезенің жақтауында сәбидің отырғандығын көрген полиция аға лейтенанты Жасұлан Сарбалаев газ құбыры арқылы жоғары өрмелеп, терезе алдында отырған баланы пәтерге алып түскен.
Бұл уақытта полиция майоры Бауыржан Алдаберген баланың ата-анасын анықтауға кіріскен. Анықталғандай баланың анасы жұмыста болса, әкесі есік алдындағы дүкенге шығып кеткен.
Қоғамдық қауіпсіздікті қорғау жолында ерекше жауапкершілік танытқан тәртіп сақшыларын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов қабылдады.Қабылдау кезінде полиция қызметкерлеріне алғыс білдіріп, қызметтеріне абырой тіледі.
Департамент басшысы Абзал Мұхимов: "Учаскелік полиция инспекторларының жедел іс-қимылының арқасында үш жастағы сәби құтқарылды.Өздерінің қызметтеріне жауапкершілікпен қараған осы қызметкерлерге алғыс білдіруді жөн санадым. Тәртіп сақшыларының іс-әрекеті басқаларға үлгі болары сөзсіз", - деді.
12 наурыз 2019 ж. 674 0