Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Нұрлы Алтынәлі 120 балды еңсерді

Нұрлы Алтынәлі 120 балды еңсерді

ҰБТ – талапкердің білімін таразылайтын сынақ. Одан терең білім алған оқушылар мүдірмей өтеді. Н.Ильялетдинов атындағы №169 мектептің түлегі, “Алтын белгі” иесі Нұрлы Алтынәліні осы санатқа жатқызу керек. Ол 140 сұрақтың 120-на дұрыс жауап беріп, білімділігін дәлелдеді. Біз үздік оқушыны құттықтап, әңгімеге тарттық.
24 маусымда тестілеуге қатысқан алғашқы лекте Нұрлы Қуанышқызы бәрінен озды. Ал екінші лекте тест тапсырған 239 оқушының ішінде Гүлназ Камал мен Айым Еркінбек 122 балды еңсерді. Оларға алдағы газетте кейінірек тоқталамыз.
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Нұрлы. Оның таңдау пәні – физика және математика. Болашақ мамандығы – ІТ саласы.
– Шыны керек басында абыржыдым. Аз уақыт ішінде өз-өзіме жоғары балл жинау қолымнан келетінін сендірдім. Содан тестке мұқият зер салып, көңіл бөлдім. Өзім оқыған, жақсы білетін тақырыптар келді. Тест тапсыру кезінде бақылаушылар бәрін қарап жүрді, жоғары балды өзімнің таза біліміммен алып шықтым. Қуанышымда шек жоқ, мектеп директоры Аллаберген ағайға, ұстаздарыма, әсіресе сынып жетекшім Мақпал Сейтоваға ерекше алғыс айтамын, – деп қуанышын жеткізді талапкер.
Өзіне сенімді түлек болашақта ІТ саласының маманы атануды қалайды. Бұл сала ел дамуының қозғаушы күшіне айналып келеді. Демек ІТ маманға сұраныс жоғары. Осыны ескерсе керек, №169 мектептің 20-ға жуық түлегі осы саланы таңдапты.
– Біздің мектепе 47 оқушы ҰБТ тапсырды, нәтижесі жақсы. Жыл сайын үздіктер қатарынан көріну үшін ұстаздардың еңбегі зор. Алдымен ұстаздарға, ата-аналарға және шәкірттерге үлкен алғыс айтамын. Нұрлы туралы айтатын болсам, ол – өте білімді, ізденімпаз оқушының бірі. Оның келешегінен үлкен үміт күтеміз, – деді мектеп директоры Аллаберген Ахметов.
Нұрлының мектеп қабырғасында жеткен жетістігі аз емес. Пәндік олимпиадаларда жүлделі орыннан көрініп жүрді. Барлық пәннен аудандық олимпиададан дара шықса, облыстық сыннан екінші, ал республикалық деңгейде үшінші орын алды. Қазақстан тарихынан да аудандық байқауларда талай рет жүлдегер атанды.
– Мақсатқа жетуде табандылық көрсетемін. ҰБТ-дан жоғары балл жинау үшін дайындалдым. Бірақ ҰБТ кезінде бейнебақылау, оның үстіне, індетке байланысты дене қызуы барлар тестілеуге кіре алмайды деген ақпарат психологиялық тұрғыдан соққы болды. Бастысы, өз-өзіңе сенімді болсаң болды екен. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, ата-анама алғыс білдіргім келеді, – деді ол.
№169 мектепте орыс және қазақ сыныбы бар. Нұрлы қазақ сыныбының түлегі. Сынып жетекшісі Мақпал Сейтованың да үміті ақталды.
– Сыныбымда 23 оқушы бітірді. Соның 20-сы тест тапсыруға ниет білдірді. Барлығы жоғары нәтиже көрсетті. Өте қуаныштымын. Нұрлы жөнінде қоңырау шалып, толассыз құттықтаулар келуде. Оның сабақ үлгерімі, дайындығы өте жақсы болды. Соның жемісін көрді. Үмітті ақтады, енді университетте де осы алғырлығынан таймаса биік белестерді бағындырады, – деді сынып жетекшісі.
Баласы бәйге шапса, ата-ана үйде тақымын қысып отырады, демекші Нұрлының әкесі Қуаныш Бектаев пен анасы Алмагүл Рыспанбетованың да қуанышында шек жоқ.
– Ағайын-туыс, дос-жарандар қоңырау шалып құттықтап жатыр. Қатты қуанып тұрмыз. Қызымызды мақтан тұтамыз. Нұрлы үйдің екінші перзенті, өзі зерек, әрі алғыр. Ол үмітімізді ақтап, төбемізді көкке жеткізді. Ұстаздарына үлкен рахмет айтамын, – деп әкесі қуанышымен бөлісті.


Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
27 маусым 2020 ж. 834 0