№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «BILGEN»-НЕН БАС ЖҮЛДЕ

«BILGEN»-НЕН БАС ЖҮЛДЕ

Биыл екінші рет ұйымдастырылған оқушылар арасындағы республикалық «BILGEN» ұлттық білім олимпиадасынан жаңақорғандық жастар жүлделі оралды. Оның ішінде С.Сапарбаев атындағы №125 орта мектеп оқушылары жақсы нәтиже көрсетті. Әсіресе, 6-сынып оқушыларының көрсеткіші көпті тәнті етті. Қазақ тілі пәнінен қатысқан Марина мен Назира бас жүлде және бірінші орынды жеңіп алды.


Ұлттық BILGEN зияткерлік олимпиадасы бастауыш сынып білімпаздарын математикалық бағытта сынайтын командалық білім сайысы. «Alaman» – мектептің орта және жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттерінің физика және математика пәні бойынша өткізілсе, биыл тұңғыш рет қазақ тілі пәнінен ұйымдастырылды. Оның алғашқы жеңімпаздары жаңақорғандық оқушылар атанды.
– Олимпиаданың мақсаты – оқушылар арасынан үздіктерді анықтау, өз білімдерін шынайы бәсекеде сынауына мүмкіндік жасау, болашақ ізденістері мен жоспарларына қолдау көрсету. BILGE халықаралық ақыл ойды дамыту орталығы мен «SERPIN» білім және инновация ұлттық палатасының қолдауымен өтетін зияткерлік олимпиадасынан алғаш рет аудан жастары бас жүлдені жеңіп алды. Бұл біз үшін үлкен жетістік, – деді мектеп директорының орынбасары Марал Камалова.
Алдымен, оқушылар мектепішілік сайыста жеңімпаз атанып, аудандық кезеңге өтеді. 78 оқушының арасынан көш бастаған қос шәкірт облыстық сыннан да сүрінбей өтеді. Облыс аумағынан сөйтіп Шымкентке жолдама алады.
– Бірінші рет республикалық сайыста өнер көрсететін болғандықтан қобалжу болды. Тек мектеп қана емес, лицей, гимназия, дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарынан біз секілді оқушылар қатысты. Үш кезеңге созылған олимпиада нәтижесімен Назира екеуміз көштің басынан көріндік, – деді жарыстың бас жүлдегері Марина Тимур.
Үш кезеңнің бірінші турында тест тапсырып, эссе жазса, екінші турында да тест пен белгілі бір мәтінге көзқарас білдіру керек болатын. Ал, үшінші турында 50 сұрақ беріліп, соның барлығына дұрыс жауап берген №125 оқушылары 200 000 теңгенің сертификатын жеңіп алды.
– Біздің оқушылардан бөлек «BILGEN» ұлттық білім олимпиадасында бастауыш сыныптар арасында сынға түскен 8 оқушы да жүлдемен қайтты. Әрине, бұл мектеп үшін жақсы нәтиже. Білімпаздардың білімін таразылайтын олимпиадаға келер жылы да қатысатын боламыз, – деді жеңімпаздардың пән жетекшісі Сымбат Алшымбекова.
«BILGEN» ұлттық білім олимпиадасының бір артықшылығы 10-11 сынып оқушыларының жеңімпаздарына «Серпін» бағдарламасы арқылы грант беріледі. Әрі, қомақты қаржылай сыйақы да бар.

Әли ТЕМІРБЕК.
08 маусым 2019 ж. 1 598 0