№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бұл не? Мемлекеттік бюджетке қаражат керек емес пе?

Бұл не? Мемлекеттік бюджетке қаражат керек емес пе?

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов қаржы министріне президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында салықтық жеңіліктердің тиімділігі мен қажеттілігі бойынша талдау жасауды тапсырғанын еске салды. 
Салықтық жеңілдіктердің тиімділігіне мониторинг жүргізу және талдау жасау қажеттілігі мәселесін Парламент депутаттары бірнеше рет көтерді. Депутаттық сауалдарында да айтты. 2019 жылдың қазанында әріптесіміз Жамалов осыған қатысты депутаттық сауалын Үкімтке жолдады. Алайда осы күнге дейін жұмыс нәтижелері көрінбей отыр. Қазір 35 мың субъект салықтық жеңілдіктерге ие болып отыр. Бұл салық төлеушілердің 9 пайызын құрайды. Осыған байланысты менің сұрағым: салықтық жеңілдіктердің тиімділігіне қай уақытта жүргізіледі? Мемлекет басшысының тапсырмасы қашан орындалмақ?, - деп сұрақ қойды депутат. 
Ерұлан Жамаубаев бұл сұрақ өте өзекті әрі орынды екенін айтты.
Үкімет қолданыста бар барлық жеңілдіктерге талдау жұмысын бастады.Тиісті жұмыс тобы құрылды. Бұл жердегі негізгі мәселе жеңілдіктер салалық министрліктердің ұсынысы ретінде түседі. Олардың жауапкершілігін арттырып, олардың қаншалықты экономикалық тиімділігі бар екенін зерделеп қарауымыз керек. Биылғы қарашаға дейін барлық ұсыныстарды жинақтап, тиімсті заң жобасын Мәжілістің қарауына ұсынатын боламыз», - деді ол. 
Өз кезегінде Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин салық жеңілдіктері қандай талаптар бойынша берілгенін сұрады. 

Жаңа ғана Наталья Годунова 8 субъектіге 30 млрд теңге салық жеңіліктері берілгенін айтты. Бұл не? Мемлекеттік бюджетке қаражат керек емес пе? Ерұлан Кенжебайұлы, - деп сұрақ қойды ол. 

Министр экономикаға ешқандай тиімділік әкелмесе, жеңілдіктер бойынша талаптарды қайта қарап, жою керек екенін айтты. 

Нығматулин министрге "сіз жаңа министр болған адамсыз, бірақ сіздің сөзіңізде жалпылама сөз ғана" деді.

Кімге салық жеңілдіктерін береміз?Неге береміз? Әлихан Асханұлы, солай ғой?, - деп Нығматулин бұрынғы қаржы министрі, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа қарата айтты. 

Әлихан Смайылов былтырдан бастап бұл жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. 
237 млрд теңгеге бірқатар салық жеңілдіктерін жоюға ұсыныс жасадық. Ұлттық экономика министрлігі және "Атамекен" ҰКП егжей-тегжейлі зерттеу жүргізіп жатыр. 1 тамызға дейін бұл жұмыс бітеді. Ерұлан Кенжебайұлы айтқандай, жұмыс тобы құрылып, жұмысты кеңейтіп, күздегі сессияларыңызға тиісті заң жобасымен келеміз. Біріншіден, жұмыс орнын құру, екіншіден, салық төлеу. Осындай талаптар орындалмаса, ондай жеңілдіктер бізге керек емес, - деді Әлихан Смайылов.

17 маусым 2020 ж. 567 0