№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ең жас журналист туылған күнін тойлады

Ең жас журналист туылған күнін тойлады





9 мамыр – Ұлы күн. Тарихта өшпестей аты қалған сұм соғыстың аяқталуы, бейбіт күннің жалғасып,  жаңа тіршіліктің басталғаны. Осыдан тура екі жыл бұрын дәл осы датада аудандық газеттің тілшісі Ханзада Дошанның қызы Нұрмахан Нұрай өмірге келген болатын. Ұлық мерекеде  шыр етіп дүние есігін ашқан Нұрай Мұстафақызы бүгінде анасына қарап, өте зерек, ақылды қыз болып өсіп келеді. Бір қызығы, «Жаңақорған тынысы» газетінің ұжымы оны «Ең жас журналист» (самый юный корреспондент) деп атап кеткен. Себебі, баланың балабақшадан тыс өмірі анасының жанында яғни  редакция қабырғасында өтіп жатыр. Бәлкім  қасиетті щаңырақтың әсері болар, жас журналист қаламсапқа өте құмар, ойыншықтан қарағанда қаламсаппен шимайлап сызғанды қатты ұнататын көрінеді.
Иә, мақаланың мәні болған кейіпкеріміз кеше ғана екі жасқа толған туған күнін тойлады. Олай болса, балдырған балапанға ұзақ өмір, зор денсаулық тілей отырып, ел үшін еңбек ететін елге танымал «Кәсіби журналист» болуына тілек білдіреміз. Туылған күнің құтты болсын ботақан!
                                                                                         Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
10 мамыр 2019 ж. 1 174 0