№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАРИХТЫ ТІРІЛТКЕН ТӘУЛІК

ТАРИХТЫ ТІРІЛТКЕН ТӘУЛІК


«9 мамыр». Тарих бетінен өшпестей орын алған бұл дата 73 жыл бойы халық жадында жатталып келеді. Жылдан-жылға қайта жаңғырып, жыл өткен сайын сұм соғыстың жантүршігерлік естелігі ұмыт болуда. Алайда, бабалар рухы мен қайсар күшпен келген ерен ерлікті ешкім де, ешқашан да ұмытпақ емес! Мұны Байкенже ауылындағы «Ерлер ел есінде» деп аталған мазмұнды шарадан анық байқадық.
Салтанатты шарада сөз алған Байкенже ауылдық округінің әкімі Нұрғали Оспанов:
– Өткеннің ерлігі мен өнегесін ұлықтап, жас ұрпаққа дарыту – біздің борыш, абыройлы міндет. Осы орайда, ең алдымен майдан даласында ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, Отан үшін от кешкен ардагер аталар мен туған топырағымыздан шыққан батырлар рухына бас иемін. Сұм соғысқа ауылымыздан аттанған жауынгерлердің 12-сі майдан даласында шейт болса, 20 батыр соғыстан кейін де тұралап қалған ел экономикасын, оның ішінде ауыл тіршілігін өркендетуге атсалысты. Бүгінде сол туған топырақтан шыққан батырлар қайсарлығын ұлықтау мақсатында арнайы көше атауы беріліп, игі шаралар жалғасын табуда, – деді. Осылайша, өткеннің өнегесін ұлықтауды ұстаным еткен ауыл басшысы әрі қарай Ардақ Исмайлова, Сматулла Рахматуллаұлы, Жанболат Жүнісов, Ақжібек Әбенова сынды бірқатар Тыл ардагері мен Семей ядролық полигонының ардагерлерін мерекемен құттықтап, сый-сияпат жасады. Өз кезегінде, қамқорлық пен қайырылымдылықтан құр қалмайтын «Қызылқұм» ЖШС кәсіпорнынан арнайы келген Асхат Болатұлы да батыл азаматтарға алғыс айтып, қаржылай сыйлық табыстады.
Тағзым! Мәңгі тағзым! Бәлкім, бүгінгідей бейбіт заманда тұрмыс кешкен біздердің де басты ұстанымымыз осы болса керек. Көк туымыз еркіндікте қалықтап, Әнұран асқақтата шырқалып, дініміз берік, ұлтымыз тату, халқымыз аман, жастарымыз жасампаз! Рас, бұл суреттеулер «Тағзым» алаңында ерекше көрініс тапты. Батыр бабалар рухына арнап, қасиетті Құран оқылса, майдан даласын суреттейтін әуелі әндер, сюжетті билер қойылып, көркемсөздер ақтарылды. Дүниені дүр сілкінтіп, әлемге әйгілі болып, тарихта «Ұлы «деп таңбаланған Жеңіс күні – бір тараптан, санаға сілкініс жасап, жанды күйзелтсе, екінші тұстан – адамзат арманының орындалып, бейбіт күннің басталғаны. Олай болса, бұл тарихи күнді аса зор тебіреніспен еске алу хақ. Иә, атаулы күнді тәулік бойы атап өтуді мақсат еткен байкенжеліктердің игі шарасы әрі қарай кіші футбол жарысын өткізумен жалғасты. Билібай аулынан шығып, «Ұлы Отан» соғысына аттанған Мелден Пәрменқұлов мен Беделбек Пәрменқұловты еске алуға арналған мекемеаралық жарысқа қаржылай қолдау көрсетілді. Нәтижесінде, 1-орынды әкімшілік пен Билібай жастар командасы, 3-орынды 1985 жылғы ауыл жастары иеленсе, №255, Ерке-наз, Пәрменқұловтар, Байкенже-2000, Билібай командасы ынталандыру сыйлықтармен және ауыл әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Ханзада ДОШАН.
11 мамыр 2018 ж. 1 040 0