№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚҰР СӨЗДЕН ОСЫНДАЙ АЗАМАТТЫҚ ТАНЫТУ КЕРЕК

ҚҰР СӨЗДЕН ОСЫНДАЙ АЗАМАТТЫҚ ТАНЫТУ КЕРЕК

Талғарлық кәсіпкер моншада тұратын көпбалалы анаға зәулім үй сыйлады, деп жазады holanews.kz. Иә, Талғар ауданы Гүлдала ауылындағы моншалардың бірінде бес баласымен бірге тұрып жатқан көпбалалы анаға Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың көмегімен пәтер кілті табысталды. Бұл туралы желідегі парақшасында белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы жазды. 
«Осыдан үш күн бұрын әлеуметтік желіде бүкіл халықтың егілген видеосы естеріңізде болар? Алматы облысы, Талғар ауданы, Гүлдала ауылында, моншада 5 баласымен өлместің күнін көріп жатқан отбасына арнайы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов келді. Келіп қана қоймай, бір баспананың кілтін беріп, бес сәбидің әке-шешесінің қуанышына ортақ болды», – деп бастады ол жазбасын. 
Айтуынша, журналистің моншада тұрып жатқан отбасына барған сәттегі видеосын Алматы облысының әкімі Facebook желісінен көре салып, бірден Талғарға жол тартқан. 
«Тікелей эфирдегі видеоны Амандық Ғаббасұлы бүгін таңертеңгілік көріп, бірден көлігіне мініп, Талғарға қарай ұшып келеді. Барлығы аяқасты болды. Мен де баспана береді деп үш ұйықтасам түсіме кірмеген еді. Әкім: «Бұл қалай болғаны?» деп, моншаға кіріп келіп, бес сәбиді өз көзімен көріп, бірден баспана іздей бастайды. Сөйтіп осы Талғар ауданында тұрып жатқан меценат Асқар Фазылұлы Сүлейменовке өтініш айтады. Талай жетімдерге пана болып, арқасынан қағып жүрген бизнесмен Асқар ағамыз, әкімнің сөзін екі етпестен Талғардан үй іздеп, жаңадан салынған 5 бөлмелі даңғарадай соңғы еуро жөндеу жасалынған, су жаңа үйді ойланбастан сатып алады да, кілтін табыстайды. Әрине, үкіметтен дәл қазір үй беруге әкімдіктің қолы қысқа еді. Мына жаңалық төбеден жай түскендей барлығымызды есеңгіретіп жіберді», – дейді Дәулетбекқызы. 
Сондай-ақ, журналист Талғар ауданының әкімі Рыскелді Ахметқалиұлы Сатпаев мырзаның да аталған игі іске бастамашы бола білгенін атап өтіп, алғыс білдірді. 
Еске салсақ, журналист осыдан бірнеше күн бұрын бес баласымен бірге моншада тұрып жатқан отбасының мәселесін әлеуметтік желідегі парақашсында көтерген еді. Бес баланың әкесі жетімдер үйінде өскен, бүгінде мүгедек жан екенін де жазған еді. Осыдан кейін оқырмандар аталған отбасының жеке есепшотына шамалары жеткенше қаражат жинап жатқан болатын. 

Міне, азамттық деп осыны айту керек. Құр ауыз сөзден осындай істі жасаған мың есе артық...
15 ақпан 2019 ж. 1 159 0