№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Абайды бір әпербақан озбырлар таяққа жығып кетіпті

Абайды бір әпербақан озбырлар таяққа жығып кетіпті

"Не дейсің, Абайды бір әпербақан озбырлар таяққа жығып кетіпті." деген хабарды естіп, Бегеш шешен дереу Абай аулына жетеді. Барса, арғын, найман, керей, уақтан өңкей игі жақсы ел басшылары жиналып қалған екен дейді. " Кәне, сөзді кім бастайды" дегенде, бір ақсақал тұрып:
- Бұл жерде сөзді кім бастаушы еді? Міне, Бегеш те келді. Бегеш тұрғанда өзгеңе сөз қайда? Кәне, Беке сөйлеңіз"- деген. Сонда Бегеш шешен былай депті:
- Абай, мырза. " Ерге жара- түйін, езге жара- қиын" деген, ит арамды, тентек Құдайды танымайды. Сіз бір ғана Тобықтының ұлы емес, бүткіл халықтың біртуар ұлысыз. Көптің жүгін көтерер нарындай, көктемдегі жауындай жақсымыз едіңіз. Жақсы мен жаманды ажырата алмайтын, бір ұрда жық тентектердің қолы тиді деген соң осы отырған бәріміз түгел келдік. Көштің байсал тапқаны - көкорайға қонғаны, даудың байсал тапқаны- төрешіге барғаны. Отқа салып қанша өртесең де, алтын, сірә жез болмас. Аяққа шұлғау қылсаң да, асыл жібек бөз болмас. Білім бақтың қазығы, білімсіз бақ- әлдекімнің азығы. Талай жан бірауызбен аспандағы айды алады, қолымен қосаяқ та соға алмайды. Ұстазынан, жақсысынан айырылса, ел не таппақ? Сағымдай құбылып, сабындай бұзылып, іріп- шіріп жоғалады да. Абай сияқты есті, ақылды адам надан еліне бола қалпынан айрылса не болмақ? Рұқсатыңды бер, тентегіңді тиюға келдік.- депті.
Сонда Абай: " Әй, Бегеш ай. Шешендікпен қиыстырып айтасың ау. Қаділет пен қасірет бар емес пе? ,,Қаракүйенің дәні болғанша, бидайдың сабаны бол. Жаман қауымның жақсысы болғанша, жақсы қауымның жаманы бол десе не дер едіңіз? Жамандықты жолым деп кеткен Оразбайға сөз суға жазғанмен тең. Мені бір ит қапты ғой. Қапқан иттен өш аламын десем, мен де ит болғаным ғой. Айыпты әпермеңдер, аяғыма жықпаңдар- деп тоқтайды.
,,Даланың дара ділмәрлары.,,
08 мамыр 2019 ж. 1 535 0