№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аллаһ қайда? Сайтан қайда?

Аллаһ қайда? Сайтан қайда?


Абай мен Мәшһүр Жүсіп екеуі бір-бірінің аты-жөндеріне сырттай қанық болса да, әлі дидарласа қоймаған кезі болса керек. Бірде, тобықты еліне жолы түскен Мәшһүр Жүсіп арнайы сәлем беру үшін Абай ақынның үйіне келеді. Табалдырық аттап үйге кіре бергенде Абай тосын сауал қойып: «Ақылдының өзінен бұрын айтқаны жетеді деген. Атың құлағымды сарсылтып еді, шынымен Мәшһүр болсаң айтшы кәне: Құдай қайда? Шайтан қайда?Жұмақ пен тозақ қайда?!» – депті.
"Жұмақ пен тозақ әркімнің өз үйінде, қатының ақылды болса – жұмақ, ақымақ болса – тозақ!
Алла менің жүрегімде, шайтан сіздің тіліңізде" деген екен, Мәшһүр Жүсіп атамыз іркілместен. Абай қатты риза болып, жеке үй тіктіріп, құда күткендей күтіп, сыйлап жіберіпті. Кейін үйіндегілердің "бір ауыз сөзіне бола мына жігітке осыншама құрмет көрсеттіңіз, оның не сыры бар" дегеніне Абай атамыз "сендер түсінбеген шығарсыңдар, мына жігіт шынымен Мәшһүр деген атқа лайық екен, Алла жүрегімде дегені - расымен, адам, Алланы жүрегімен таниды, ал, Алла қайда? - деген сұрақты тілге шайтан салады" деген екен

Қайрат Нұрлықасымұлы
18 сәуір 2019 ж. 1 229 0