Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№62 (8976) 18

18 тамыз 2026 ж.

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

АРЫЛУ (АЯН)


...Бала күні сияқты... Ортада дөңгелек үстел... Үстелге құйрығын қойып, аса таяғын тізесіне сүйей салған Атасы отыр. Ақ көйлек-дамбалы. Үндемейді. «Кешегі тапсырмасын сұрайын деп келген екен» деп ойлайды. Жүрегі тамағына тығылып, ішінен тез-тез қайталай бастайды.

-Кәпірмісің? Мұсылманбысың?
-Әлхәмділіллә, мұсылманмын.
-Мұсылмандығыңа менің шәгім бар.
-Сіздің шәгіңіз болса, менің шаһидім бар.
-Шәһадің не дүр?
-Әшһадан ләйлаха, иллаалла, әшһадана мұхамәдүн әбдүһү расулалла.
«Неге сұрайсыз, бәрін жатқа білем» дегісі келеді. Атасында үн жоқ. Түсі бірте-бірте суып бара жатқан сияқты. Сәлден кейін, «мына үстелге жақында» дегендей ишара жасайды. «Атам неге ренжіп отыр екен?» Сол жүрегі дүрсілдеген бойы үстелдің шетіне жақындайды.
-Қанипаның тезегін неге ұрладың?
-...Ата...Біз оны, әншейін...-деп түсіндірмек болады. Тамағы құрғап, демі бітіп қалған. Үні шығар емес. Сөйткенше атасы ғайып болады.
-Ата! Ата! Мен оны...-дейді ышқына. Үні шығар емес. Ыңырсыған өз даусына оянып, сілейген бойы жата береді.
Иген Хасенұлы.
20 қыркүйек 2018 ж. 1 070 0