№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Денсаулыққа ден қойсақ...

Денсаулыққа ден қойсақ...

Тірек-қимыл аппаратының зақымдалуы немесе аурудың айқындалуы кезінде баланың сәбилік және ерте жасында ата-аналарының барлық күштері бұзылған қозғалыс қызметін дамытуға және түзетуге, яғни қалыпқа келтіруге бағытталады.

Мұның себебі, кейбір ата-аналар баланың псхикалық және тілдік дамуының ерекшелігін байқаса да, арнайы педагогтарға, логопедтер пен психологтарға жүгінуге асықпайды.  Тіпті кейбір ата-аналар арнайы (түзету) оқыту мен тәрбиелеу жүйесі бар екенін білмейді. Осыған орай, осындай патологиясы бар балалармен жүргізілетін психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзету жұмыстарының негізгі бағыттары мен жолдары әзірленіп, әр түрлі мекемелердің тәжірибесінде кеңінен қолданылуда.
– Ұлдана қазір 5 жаста, қызымның сөйлеуінде ақау болатын. Екі жылдай осы мекемеде тәрбиеленіп, қайта қалпына келді. Шүкір, бәрі жақсы, қызметкерлер­мен, ұстазына алғысым шексіз, – деді Жеңіс Жакипов.
Жалпы, тифлопедагог сабақтарының кешенді сипатта болуы баланың барлық қызметінің дамуын қарастырады. Осыны ескере отырып, барлық сабақтар тілдік нұсқаулар мен түсіндірмелермен қатар жүреді. Мектепке дейінгі жаста ұсақ моторика мен қол қимылдарының координациясын дамыту бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Қажетті қимылдар немесе әрекеттерді жүзеге асыру кезіндегі тұрақты сәтсіздіктер сабақтан бас тартуға әкеледі. Осындай кешенді түзету-дамыту жұмыстары танымдық, қимыл-қозғалыстық және эмоционалды ерік саласындағы кемшіліктерді жоя отырып, әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына және әлеуметтік ортаға бейімделуіне оң әсер етеді.
Әйгерім САЛМАБАЕВА
14 ақпан 2021 ж. 574 0