№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қожа­кент ауылындағы мектептен инклюзивті оқыту кабинетін ашса

Қожа­кент ауылындағы мектептен инклюзивті оқыту кабинетін ашса

   «Балалар – қоғамның ең әлсіз және қорғансыз бөлігі, және олар құқысыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір баланың құқығы қорғалуын талап ететін боламын. Бала тәрбиелеу болашаққа ең үлкен инвестиция». Бұл Президент Жолдауынан үзінді. Бүгінде елімізде мүмкіндігі шексіз балаларға айрықша қолдау бар. Алайда ауыл-аймақтағы ахуал көңілге қаяу түсіреді. Мемлекет қолдауын шалғайдағы ауыл тұрғындары да сезінгісі келеді. Өңір үшін өзекті болған тақырып түсінікті болу үшін кеңінен тарқатсақ.

    Қазақстанда кәмелетке толма­ғандардың 3 пайызы мүмкіндігі шектеулі балалар. Олардың ел қатарлы білім алып, қоғамға еркін бейімделіп кетуін қамтамасыз ету мақсатында еліміз 2008 жылы Мүге­дектердің құқығын қорғау бойын­ша Халықаралық конвенцияға қо­сылып, инклюзивті оқыту жүйесін енгізуді қолға алды. Міне, содан бері бақандай 10 жыл өтті. Нәтиже қандай? Жүйелі жұмыс жемісін берді ме? Мәселен, 2017 жылдың статистикалық мәліметіне сүйенсек, мүмкіндігі шектеулі 144 783 бала бар болса, соның 40 мыңнан астамы, яғни үштен бірі инклюзивті жүйеге қатысқан. Демек физиологиялық, психологиялық шектеулерге қара­мастан барлық оқушылармен тең дәрежеде мектеп партасына отырып, дәріс алған. Ал, біздегі ахуалды біл­мекке аудандық психологиялық- педагогикалық түзету кабинетінің есігін қақтық. Орталық меңгерушісі Шынар Тұрсынбаевамен тілдесіп, маңызды ақпаратқа қанықтық. Оның айтуынша, ауданда 717 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Олардың 206-сы балабақша, 511-мектеп жасындағы ба­лалар. Ал, 153 бала үйден оқы­ты­луда екен.
– «Инклюзив» ағылшын тілінен аударғанда «қоса алғанда» деген ма­ғына береді. Яғни, мүмкіндігі ерекше балалардың өзге балалармен бірге балабақшаға барып, мектепте оқып, қоғамдық іс шараларға еш кедергісіз белсене қатысуына жағдай жасау міндеті қойылған.
Білім берудің 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2019 жыл соңына дейін елдегі мектептердің 70 пайызын, балабақшалардың 30 пайызын инклюзивті жүйемен қамтамасыз ету міндеттелген. Оның ішінде, білім беру мекемелерін логопед, дефектолог, психолог сынды арнайы мамандармен қамту тапсырылған. Бұл тұрғы да Жаңақорған ауданындағы көрсеткіш, өкінішке орай, көңіл көншітерлік емес. Бүгінде аудандағы мектепке дейінгі мекемелердің инклюзивті оқыту жүйесіндегі үлесі 4,8%, ал жалпы орта білім беру мекемелерінікі 7,1% ғана, – деген Шынар Тұрсынбаева инклюзивті кабинет тапшылығын мәселе етіп көтерді.
Маманның айтуынша, мүмкіндігі шексіз балалар санатына; сал ауруымен ауыратын, көзі нашар көретін, құлағы естімейтін, ақыл-есі дамуында тежеу бар, аутизммен ауыратын балалар кіреді. Ал, мұндай бала дамыту, түзеу, оңалту жұмыстарына мұқтаж. Жоғарыда айтқандай, қолдау шаралары шалғайдағы ауылға да жетсе деген ел тілегі бар. Әрине, назар аударар билік болса.
– Ұлым Әмит 10 жаста. 6 жылдан бері аудан орталығына қатынап, баламның сауығып кетуіне барымды салдым. Ақыл-ой дамуында ауытқу бар. Кейде жаттаған сөзін тез ұмытып қалады. №184 орта мектептің директорына айтып жүріп, логопед маманды үйіме алдырдым. Маман балама коррекция сабағын өтуде. Жетісіне бір мәрте мектепке апарамын. Сонда байқайтыным, мұндай 10 шақты бала бар. Менің жергілікті биліктен сұрарым, Қожа­кент ауылындағы мектептен инклюзивті оқыту кабинетін ашса. Яғни, ең кемі күніне 3 сағат айналысатын логопед болса нұр үстіне нұр болар еді, – дейді қожакенттік Хадиша Ашимова.
Қолда бар дерекке сүйенсек, бүгінгі таңда аудан бойынша 4 балабақша мен 3 мектепте инклюзивті кабинет жасақталған. Сондай-ақ бұл салада маман жетіспеушілігі тағы бар екен. Бұл жөнінде біз аудандық психологиялық- педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Шынар Тұрсынбаевамен тілдесу барысында білдік.
– Жасыратыны жоқ, маман жетіспеушілігі сал­дарынан бірқатар білім беру мекемелері инклюзивті жүйеге қосыла алмай отыр. Әрине, даму мүмкіндігі ерекше балаларды оқыту мен қоғамға бейімдеу және мейнстриминг, интеграция сынды тәсілдермен жұмыс жүйелі жүруде. Үйден оқыту, спорттық, мәдени шараларға қатыстыру үздіксіз атқарылып жатқан шаруа. Десе де, мұның бәрі инклюзивті жүйені алмастыруға қауқарсыз. Сондықтан мүмкіндігі бар бала мен мүмкіндігі шексіз баланың арасындағы шекараны бұзып, олардың құқықтары мен міндеттерін теңестіру арқылы жұмыс жасауға болады. Әлгінде айтқандай, жемісті жоспарға қол жеткізуге маман мен кабинет тапшылығы тосқауыл болып тұрғандықтан оны оңтайлы шешу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі, – дейді Шынар Тұрсынбаева.
Мемлекет тарапынан мүмкіндігі шексіз балаларға өзгелермен бірге балабақшаға барып, мектепте білім алып, қоғамдық іс-шараларға кедергісіз қатысуына жағдай жасау міндеті қойылған. Алайда мемлекет межелеген 70 пайыздық көрсеткіштің аудандағы ахуалы төмен. Түптеп келгенде, инклюзивті білім жүйесі баланы қоғаммен жақындастырады. Бала болашағының баянды болуына септігі мол.

Әбдісамат ӘБДІШ.

10 қараша 2018 ж. 1 536 2

Гость Jeahulalf от 12 ақпан 2019 21:46
Rxnorth Canada Drugs Cialis Miglior Prezzo Online Awc Canadian Pharmacy Mall generic cialis overnight delivery Finpecia Tabletten Buy Flags Online Travail Reel Dapoxetine

Гость Jeahulalf от 4 наурыз 2019 23:50
Cheapeast Bentyl Free Shipping Amoxicillin For Kids Usar Propecia buy generic cialis Propecia Cruz Verde Generic Amoxicilina Direct Florida