Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 048

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 078

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 893

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 391

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 600

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 590

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қызылордада ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы екпе салынады

Қызылордада ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы екпе салынады

Облыста ақпан айынан бастап коронавирус инфекциясына қарсы екпе салынады.

Өңірге ресейлік «Спутник V» вакцинасының 80 мың дозасы кезең-кезеңімен әкелінеді. Бүгінде дайындық жұмыстары жүруде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов мәлімдеді.
Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға салынады. 18 жасқа дейінгі балалар және 65 жастан асқан қарияларға екпе салынбайды. Бүгінде облыс бойынша 154 егу кабинеті белгіленді. Бұдан бөлек, шалғай елді мекенде тұратын азаматтарға вакцина салу үшін 64 жылжымалы егу бригадасы ұйымдастырылды. Вакцина бір адамға екі мәрте салынады. Яғни бірінші екпе қабылданғаннан кейін 21 күннен кейін қайта егіледі, – деді Сәбит Пазылов.
– Егу жұмыстарына көпшілік үркей қарайтыны түсінікті. Өйткені, мұндай вирус бұрын болған жоқ. Аты жаман аурулардың басқа түрлері болды. Оларға қарсы екпе егудің арқасында кең тарауына жол берген жоқпыз. Сондықтан түсіністікпен қараған жөн. Тағы бір ескертетіні вакцина жалпыламай салынбайды. Оның өзінде ерікті түрде жүзеге асырылады. Ешкімді мәжбүрлеп, күштелмейді, – деді облыс бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.
Қазір облыс «жасыл» аймақта. Эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Күрделенген жағдайда 8 стационар, 61 алғашқы медициналық-санитарлық мекеме жұмылдырылатын болады. 54 фильтр кабинеті, қосымша 79 телефон шақырулар мен консультациялар үшін жұмыс істейді. Сондай-ақ, үй жағдайында қызмет көрсету үшін қосымша 81 автокөлік қарастырылған.
25 қаңтар 2021 ж. 649 0