№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Вакцина: кімдерге, қашан салынады?

Вакцина: кімдерге, қашан салынады?


Қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан сұрақ осы. Біз мұның жауабын жауапты сала мамандарынан сұрадық.


Денсаулық сақтау министрінің мақұлдауымен елімізде 1 ақпаннан бастап Ресейден әкелінген «Спутник-1» вакцинасы егіле бастайды. Мұны әлеуметтік желіде кеңінен тарап жатқан ақпараттар растайды. Облыста басқарма басшысы бастап, ерікті жастар екпе салдырып жатқаны жөнінде білдік. Жаңақорғанда вакцинизациялау қашан басталатынын Жаңақорған ауданаралық ауруханасынң дәрігер-эпидемиологы Асқан Отарбековтан білдік.
– Екпе егу жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Бірінші, медицина қызметкерлері бастайды. Оның ішінде, жұқтыру қаупі жоғары инфекциялық бөлімшенің дәрігерлері мен медицина қыз­меткерлері, жедел-жәрдем, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлері секілді 70-тен аса мамандарға салыну көзделуде. Екінші кезеңде – мектеп, жоғарғы оқу орындарының мұғалімдері мен медбикелері, үшінші кезеңде – мемлекеттік қызметкерлер мен интернат қызметкерлері жаппай егуден өтеді, – деді эпидемиолог маман.
Ескерте кететіні, коронавирус не пневмониямен, жедел респераторлық инфек­ция түрлерімен науқастанған жандарға 6 ай өтпесе екпе салынбайды. Қызыл аймақтан келген жолаушылар да 14 күн бақылаудан кейін зерделенгеннен соң ғана екпе ала алады. Сондай-ақ аса сезімталдық қасиетке ие жандарға – емізулі аналарға, 18 жасқа толмағандарға, және 65 жастан асқан қарияларға екпе салынбайды. Бауыр мен бүйректің созылмалы аурулары, эндокриндік жүйенің бұзылуы (қант диабеті), қан түзілімі жүйесінің ауыр аурулары, эпилепсия, инсульт және басқа да орталық жүйке жүйесінің аурулары, жүрек-қан тамыр аурулары, иммун тапшылығы, аутоиммунды аурулар, өкпе аурулары, демікпе және өкпенің обструктивті аурулары, метаболиттік синдром мен диабет, аллергиялық реакциялар, атопия мен экзема, қатерлі аурулар, соның ішінде, қан аурулары бар адамдар екпе еккенде өте абай болу керек. Осы қатардағы адамдарға вакцина өте ауыр болуы ықтимал. Егер дене қызуы 37 градустан асса екпе егу кейінге шегеріледі.
– Екпе адамның иығына екі кезеңмен егіледі. Алғашқыда 0,5 мл дозамен бірінші компонентті егеді. Сонан соң, 21 сағат өткен соң, екіншісін егеді. Оның көлемі де 0,5 мл. Егер бірінші компонетінен кейін адамның жағдайы нашарласа, екіншісі салынбайды, – деді Асқан Отарбаев.
Екпе салдырушылар медициналық мекемеде 30 минут бақылауда болады. Жергілікті мекен-жайыңыз бойынша дәрігер­іңіздің байланыс номерлері мен шұғыл жағдайда байланысуға болатын байланыс контактілер қоса берілуі тиіс. Егер қандайда бір жағымсыз жағдайлар орын алса дереу хабарласу қажет.
Аудандағы барлық тұрғындардың вак­циналаудың электронды төлқұжаты дайын­далуда. Бұл туралы ауданның бас дәрігері Яхия Шорабаев:
– Бұл вакциналаудың медициналық тарихы. Бұл вакцина алған азаматтарды үздіксіз бақылау мен оларға мониторинг жүргізу қызметінің денсаулық сақтау саласындағы басты модулі. Қазіргі уақытта вакциналаудың электронды төлқұжатын әзірлеу аяқталуға жақын, – деді.
Бұл құжат медицина қызметкерлері үшін денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық ресурстары арқылы, емделушілер үшін eGov Mobile мобильдік қосымшасын қолдану арқылы іске асырылады. Вакциналаудың электронды паспорты екпе салдырғаннан кейін eGov Mobile мобильдік қосымшасында қолжетімді болады. ВЭТ-те азамат туралы, ол қабылдаған екпе түрі, вакциналау жүргізудің кезеңдері туралы, сондай-ақ, екпе салдырғаннан кейінгі бақылау туралы ақпарат болады.

Мақпал МАРҚАБАЙ
02 ақпан 2021 ж. 785 0