Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жақсының жарығы сөнбейді

Жақсының жарығы сөнбейді

Сырдың мақтаныш етер перзенті Жақсылық Рақматулламен құлын тайдай бірге ойнап, өсіп едік. Біз мектепті бір класта  оқып бітірдік.
Жақаңқарапайыммалшыныңжанұясындадүниегекеліп, оныңжастықшағысұлусырдыңбойындаөтті. Шеңгелмендариябойындағытоғайдыңарасында, топырақтыжалаңаяғыменкешіп, алаңсызасырсалып  ойнапөскен  ауылдағықарадомалақбалалардыңбіріболды.

Ол жас кезінде бастауыш  мектепті ауылдық жерде тәмәмдап, он бір жылдықты Жаңақорған ауданы орталығындағы №51 мектепте оқып бітірді. Жас кезінен зерек Жақаң мектепте жақсы оқыды. Үлгілі жастардың бірі болды. Оның кітапқа, газет-журналға, жазуға деген қызығушылығы мектеп қабырғасында жүргенде-ақ белгілі болатын. Оның осы құмарлығы Алматы қаласында журналшы мамандығы бойынша жоғары білім алып шығуымен жалғасты.
Жақаң еңбек жолын Жаңа­қорған ауданындағы «Комунизм жолы» газетінде тілші болудан бастады, кейін редактор қыз­метіне ұласты. Одан кейін Сырдария ауданындағы «Сырда­рия» газетінде редакторы болды. Осы тұста Жақаңның жур­налистика саласындағы  білік­тілігі, тәжірибесі, ұйым­дастыру қабілеті облыс басшыларының назарына ілігіп, оны облыстың бас газеті – «Сыр бойы» газетінің редакторлығына тағайындады. Жақаң өз саласын жете меңгерген білікті маман ретінде сол газетке басшылық жасай жүріп облыстың әлеу­меттік-экономикалық дамуы­на баспасөз ақпараттары арқылы өз үлесін қоса білген абзал азамат ретінде есте қалады.
Жақаң «Сыр бойы» газетінде басшылық жасап жүрген кезеңде Кеңес үкіметі тарап, еліміз егемендік алып, аяғынан қаз тұра бастаған кездегі тоқырау журналистика саласын да айналып өтпей өз ауыртпалығын тигізді. Сол тұста, Жақаң басшы ретінде іскерлік және ұйымдастыра білушілік қабілетін көрсетіп, облыстық газеттің уақтылы жарық көруіне, сол арқылы облыс көлеміндегі болып өзгерістерді жетістіктер мен кемшіліктердің облыс халқына уақтылы жеткізіліп тұруына орасан зор еңбек етті. Осындай жанқиярлық еңбектердің нәтижесінде облыстың «Сыр бойы» газеті республика көлемінде алдыңғы қатарлы газет аталып, бірнеше мәрте марапатқа ие болғандығын білеміз.
Біздер Жақаңның кластастары жырақта жүрсек те оның еңбек жолындағы жетістіктері мен қызметтеріне риза болып, онымен мақтанушы едік. Бәріміз білімге құштар болдық. Және барлығымыз дерлік сабақты жақсы оқыдық. Оған дәлел ретінде 25 ұлдың барлығы 16 қыздың 15-і жоғары білім алғандығын айтсақ жеткілікті болар. Кластастардан Жақсылық «Сыр бойы» газетінің редакторы болса, көпшілік ұл-қыздарымыз жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Сардарбек Әбиев академик-ғылым докторы атақтарына ие болып, институттың директоры қызметін атқарды. Ал Жармақан Төреқожаев, Аман Балабеков, Жарылқасын Боранбаев, Есенәлі Мырзабаев, Мұса Әсенов, Болат Шоманов, Орынбасар Нәлібаев, Өмірбек Марсәлиев, Қасымбек Төлепбергенов, Оразәлі Жамалханов, Байболат Қасымбеков, Аманқұл Қыдырбаев, Хасан Жүнісов, Алшынбай Тұртанов, Тынымбай Искаков, Төлеу Тұрсынханов Ғали Отарбаев, Сейсен Мұхтарұлы, Мәулен Аманов, Әбен Тұрсынбаев, Сұлтанбек Тұрсынханов, Баязитов Кәрімдер және басқа да кластастарымыз совхоз директоры, мекеме басшылары, жауапты қызметкерлер болып елге сыйлы азаматтар бола білді. Мен де еңбек жолымды комсомол, кәсіподақ, партия, шаруашылық, әкімгершілік салаларда ұзақ жылдар бойы жауапты, басшы лауазымда қызметтер атқардым. Қыздарымыздың басым бөлігі ұстаздық мамандықты таңдап жастарға дәріс беріп еңбек етті. Кластастар болып мектеп бітіргенімізге 20, 30, 40, 45, 50, 55 жылдық кездесу кешін атап өткізіп келдік. Өкінішке қарай арамызда көптеген кластастарымыз бақилық болып кетті. Енді, міне, аяулы азаматымыз Жақсылық Рахматулла да арамызда жоқ. Жақаңның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
Тұрсынхан ҚҰРМАНБЕКОВ,
Алматы қаласы
06 қазан 2020 ж. 454 0