№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Төтенше жағдай: су мен өрттен сақ болайық!

Төтенше жағдай: су мен өрттен сақ болайық!


Мақтааралдағы оқиға елді есеңгіретті. Қарғын судың қаупі өзге аудан орталықтарында да сейілер емес. Иә судан келетін дүлей күшке оңтүстіктегі ағайын дайын болмай шықты. Жалпы төтеннен келетін тосын құбылыстарға сақтықпен қарамаса арты қайғылы оқиғаға ұрындырары сөзсіз. Әсіресе сдуан, өрттен келетін қауіп көп. Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарына осыны ескертіп, барынша сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Алда суға түсу маусымы басталады. Жылда кем дегенде үш-төрт отбасы дария суынан зиян шегеді.
– 2019 жылдың суға шомылу мау­сымында Жаңақорған аудан бойынша су айдындарында 7 қайғылы жағдай тіркеліп, 8 тұрғын қаза тапты. Оның бесеуі кәмелетке толмағандар. 2018 жылмен салыстырғанда қаза болғандар саны 62 процентке өскені көрініп тұр. Әсіресе жасөспірімдердің қатары көбейді. 2020 жыл басталмай жатып Жаңақорған кентінің 1 тұрғыны «Қаракөл» көлінде балық аулау кезінде қайықтан құлап, қаза тапты. Артында әйелі мен 3 баласы қалды. Сондықтан абай болайық! – деді төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Берікбай Омаров.
Орын алған қайғылы жағдайлардың басты себебі неде? Өзен немесе каналдардың суға түсуге белгіленбеген айданында шомылуынан орын алған. Одан кейін дарияға қайықпен балық аулаушылар да сақтыққа мән бере бермейді. Бәрінен бұрын, ішімдік ішіп, суға шомылушылар жазым болады. Осы жағдайлардың алдын алу бойынша құзырлы мекеме қандай жұмыстар атқарды. Соған тоқталайық.
– «Су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларын құзырлы мемлекеттік мекемелермен бірлесіп ұйымдастыру туралы» кешенді жоспар аясында былтыр билбордтар орнатылып, тақтайшалар ілінді. 3000 дана жадынама парақшалары таратылды. Рейдттік жұмыстар үнемі жүргізіліп отырды. Ескеру беріліп, айыппұл төлегендер де болды. Бірақ тұрғындар сонда да құлақ асар емес. Биыл да тәртіптік шаралар күшейеді, – деді бөлім бастығы.
Сырдария өзенінің ескі пантон тұсанан, «Проток левый» каналының (Сейтпенбетов көшесінің аяқ жағында), «Тайпақкөл» каналының (Жаңа ауыл маңында), Жаңақорған кенті, Ы.Алтынсарин көшесінің бойындағы көлдің үстіндегі көпір маңы қауіпті деп есептейді мамандар. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, аталған орындарда адамдардың суға кетуі жиі орын алынатынын ескертеді. Шыны керек, мамыр айының орта тұсынан бастап нағыз суға шомылу басталады. Осы кезең қауіпті екені жасырын емес. Сала мамандары таудағы өзендер, су қоймалары мен көлдердің суы салқын болатыын, бұл – адам өміріне қауіпті екенін алға тартады. 
–  Суға түсуге шектеу мүлдем қойылады деген сөз емес, дегенмен сақтық шараларын басшылыққа алған абзал. Ата-аналар баласының қауіпсіздігін ойласа дейміз. Былтыр немқұрайлықтан қаншама жасөспірім өмірден ерте кетті. Аға буынға айтарымыз сары суға тойып, суға түсупеуге шақырамыз. Сондықтан әзірше суға түспей қоя тұрғандарыңыз дұрыс, – деді Б.Омаров.
Иә, сақтансаң сақтаймын деген қағиданы ұмытпайық. Ал тілсіз жау өртке келетін болсақ, ауданда да бұл мәселе өте күрделі. 2020 жылдың төрт айында аудан көлемінде 16 өрт оқиғасы тіркелген, оның тоғызы тұрғын үйде болса, үш оқиға автокөлікте тіркелді. Тұрғын үйдегі орын алған өрттердің салдарынан 1 баспана толығымен өртеніп кеткені жаңақорғандықтар жақсы біледі. Бір қуанарлығы, алыстағы ағайын, ауылдастар мен жомарт азаматтар үйінен айырылған отбасыға баспана салып берді.
– Орын алған өрттің негізгі себептері, моржаның ақауынан, электр желелерінің қысқаша тұйықталуы салдарынан,  қоқыс қалдықтарын өртеу кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан, электр жылыту құралын пайдаланудағы өрт қауіпсіздігі ережесіне немқұрайлық қарағаннан орын алуда. Өртің шығу себебіне кінәлі 10 тұлғаға Қазақстан Республиксының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекісінің 410-бабының 1-бөлігімен әкімшілік шарасы көрілді. Жалпы аудан  көлемінде тұрғын үйлерде өрт оқиғасының жыл санап өсіп келе жатқаны байқалады. Жылу беру маусымында тұрғын үйлерде от жағу пештерінің ақауы салдарынан орын алатын өрт оқиғасы мен газдан улану факторларының алдын алған жөн, – дейді төтенше жағдайлар бөлімінің бас инженері Елжан Шегебаев.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жауапты мамандар мына ереже талаптарын сақтауды назарға салады. Жылу беру маусымында пештер, қазандықтар және басқа да жылу беру құралдары  мен жүйелері жөнделіп, тексеруден өткізілуі қажет. Электр өткізгіштердің, ажыратқыштардың және ток көздерінің дұрыс жұмыс істеуін қадағалаған жөн. Үйді жылыту үшін газ плиталарын қолданбаған дұрыс, сіріңке мен жандырғыш құралдарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау тиіс. Өйткені балалардың ойыннан өрт шығарған дерегі тіркелген болатын. Егер төтенше жағдай немесе өрт оқиғалары  болған жағдайда тез арада «101», «112» немесе «23-1-01» телефонына хабарлассаңыз болады. Ең бастысы, қандай жағдай болмасын сақ болған жөн, ағайын!

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
18 мамыр 2020 ж. 691 0