№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Балам, мен көрші вагондамын...»

«Балам, мен көрші вагондамын...»


Әкесі мен анасы жазғы демалыста әрдайым баласын әжесіне апарып мауқын басып келетін. Ұлдары шамалы есейе келе ата-анасына: «Мен қазір үлкенмін мені қашанғы жетектей бермексіңдер ? - Бұл жолы әжеме жалғыз барамын деп қоймайды !»
Біраз сөзталастан кейін үлкендерге келісуден басқа амал келмейді.
Міне, олар пойыз іргесінде ұлдарын шығарып салғалы тұр. Өмірі өз бетімен сапарға шықпаған баласын ата - ана жан - жақтан сүйемелдей кеңестерін беріп әлек. Ұлы болса : «Иә, білемін, білемін.. оны маған 100 рет айтқансыңдар...!» Пойыз жүрмекке сәл қалғанда әкесі: «Балам, егер сенің кенеттен көңіл күйің түсіп немесе қорқып қалсаң , онда мынау саған ...» деп баланың қалтасына бірдеңені тығып жібереді.

Бала вагон да жалғызсырап қалады , терезеге үңіліп сұр далаға қарайды . Айналасында бір - бірін итерген бейтаныс адамдар , орынға таласа шу шығарғандар, кіріп-шығып жүрген түсі суық кісілер өзін аңдып жүргендей көрінді. Міні жолсерікте ешкімге әлі келмей оған зекіп ескерту жасап қояды. Масасыз біреулер мұны анда - мында жұмсап жүр. Бала өзін мазасыз сезіне бастады. Уақыт өте жабырқана әбден түнеріп кетті.
Көп ұзамай қорқыныш бойын жайлайды . Ол қабағын түйіп, бұрышқа тығыла, көзінен жасы шығып кеткенін байқамайды. Әп сәтте қалтасына әкесінің бірдеңе салғаны есіне түседі.
Қолы дірілдеп бір жапырақ қағазды алып шығады :«Балам, мен көрші вагондамын...» деген жазба екен.

Дастан Абдырахманұлы
10 қаңтар 2020 ж. 1 031 0