№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сенсорлы телефоныңыздың экраны сынса не істеуге болады

Сенсорлы телефоныңыздың экраны сынса не істеуге болады

Күнделікті өмірде жиі орын алатын жағдайлардың бірі ұялы телефонның қолдан түсіп кетуі немесе абайсызда экрнаны сындырып алу. Өкінішке орай бұл жағдайда бәріміз не істерімізді білмей абдырап қаламыз және бірден құны 10-15 мың теңгеге баратын жөндеу жұмыстарына жүгінеміз. Ал ақшаның жартысы қалтамда қалсын десеңіз не істеу керек?
1. Ең алдымен, телефоныңыздың маркасын жақсылап көріп алыңыз. Жай ғана Samsung деп білу жеткіліксіз. Түрін, өнімнің нақты номері, сериясы қандай екенін анықтап алыңыз. Содан кейін барып ұялы телефон сататын дүкендерге немесе орталықтарға барып, телефоныңыздың маркасына сай экран сатып алыңыз.
2. Сенсорлы экрандарда екі бірдей шлейф болады. Экранды алған кезде сол шлейфке мән беріңіз. Шлейфтің қызметі телефонның платасына жалғанады.
3. Арнайы телефон жөндеуге арналған жүзі жалпақ қалақша тәрізді сайман немесе құрылыста қолданылатын жүзі жұқа әрі жіңішке пышақ пайдаланыңыз. Бұл саймандар сынған экранның бетін ашып, платаға өтуге көмектеседі.
4. Қатты пласмас керек. Қаттылығы күнделікті пайдаланып жүрген визитка секілді болғаны абзал.
5. Ұялы телефонды жөндеуге арналған арнайы саймандар болады. Оларды ұялы телефон жөндейтін орталықтардан сатып аласыз. Бұл саймандар сізге алдағы уақытта да керек болады. Сатып алып қойғаныңыз жөн.
6. Екі жағы да жабысатын скотч керек. Қалыңдығы 3 миллиметрдей болса, жеткілікті. Бұдан бөлек телефон экранын сүртіп отыру үшін арнайы таза мата керек. Ол матаны да сатып алуға болады.
7. Лупаңыз болса, тіпті жақсы. Ол кішкене саймандармен жұмыс жасағанда көмектеседі. Егер болмаса, маңызды емес.
8. Ыстық жел үрлеуге арналған арнайы фен. Бұл ұялы телефондарды жөндеу үшін керек фен. Егер үй жағдайында оны алу қиындыққа соқса, онда қарапайым шаш кептіретін фенді де пайдалана берсеңіз болады.
Саймандарды түгендеп алған болсаңыз енді іске кірісіңіз!
– Ұялы телефонды қуаттаушы батарейкадан алып тастаңыз. Бұл міндетті түрде. – Фенді пайдаланып ыстық желмен айналасына үрлеп шығыңыз. Экран дисплейден ажырап босайды. Осы кезде пышақты не қалақшаны алып арасына сүңгітіп жіберіңіз. – Жоғарыда айтқан қатты визитка секілді пластиканы алып, экран арасында жіберіңіз. Себебі пышақпен ашсаңыз, дисплейді құртып аласыз. Пластикамен айналып жүріп шықсаңыз болды, экран ажырайды. – Экран толық ажырамайтынын да айта кетейік. Себебі дисплеймен бірге ұстап тұрған шлейф бар. Оны жұлып алмаңыз, бүкіл еңбек далаға кетеді. – Дисплей мен экранды толық ажыратып алған соң, артындағы шлейфтті ақырын пышақ жүзімен итеріп қалсаңыз, өзі ажырап кетеді. – Енді дисплейге экранды орнату жұмысын жасаймыз. Ол үшін жаңадан сатып алған экрандағы шлейфті дисплейдегі орнатуға арналға жерге біріктіресіз. – Екі жағы да жабысатын скотчты алып, енді дисплейді артық бетіне жабыстырамыз. Бұл әрине экранды орналастыру үшін керек. – Жұмыс біткен соң тағы да фенмен қыздырыңыз. Бұл дисплейге орналасқан экранның беріктігі үшін керек. Біткен соң телефонның артқы бөлігіне орналастырыңыз. – Жұмыс толық аяқталған соң телефонды жаңа экранмен қосыңыз. Экранның толық жұмыс жасап тұрғанын білу үшін *#0*# санын экранға теріңіз. Экран бетінде бағдарламалық жүйе шығады. Сол арқылы жұмысты тексеріп алуға болады.
Үйде отырып жүзеге асырып көріңіз. Сәттілік!


07 қаңтар 2020 ж. 1 898 0