№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Пайдалы кеңес! Miracast арқылы телефонды теледидарға қосу

Пайдалы кеңес! Miracast арқылы телефонды теледидарға қосу

 Miracast технологиясы гаджет экранын теледидарға тікелей көшіруге мүмкіндік береді. Мен үшін ол нағыз жаңалық болды, өйткені HDMI сымдарын немесе басқа кабельдерді алып тастау қажеттілігі жойылды. Сондай – ақ, WiFi желісі қажет емес, құрылғыны тікелей WiFi Direct арқылы қосады. Miracast барлық артықшылықтарын қалай пайдалану туралы төменде сізге қажетті ақпарат ұсынып отырмын.

   Miracast-2012 жылы пайда болған жаңа технология.

Қандай телефон жарамды: Android-смартфон.
Қандай теледидар қолайлы: Miracast-ты қолдайтын кез келген.
Не қажет: кейде арнайы адаптер.
Miracast технологиясы да AirPlay-ге ұқсас жұмыс істейді.

   Қосу жолдары Егер, Сізде Smart TV болса:
• теледидардағы желі баптауларын ашып, Miracast-ты қосыңыз;
• смартфонда «Параметрлер → Экран → сымсыз мониторға» өтіп, қызметті қосыңыз;
• табылған Miracast-құрылғылары тізімінен теледидарды таңдаңыз;
• смартфондағы сурет теледидар қосылғаннан кейін, экранында бірден пайда болады. Адаптер қажет болса не істеу керек:
• үйлесімді адаптер сатып алыңыз (Miracast, Chromecast және AirPlay қызметтерін қолдайтын әмбебап үлгілерді таңдау қажет);
• адаптерді HDMI портына салыңыз (қажет болса, USB кабелі арқылы қуат көзін қосыңыз);
• адаптер қосылған HDMI қосқышын теледидардан таңдаңыз;
• қолданбаны QR коды арқылы экранға жүктеңіз және сол арқылы қосылыңыз;
• немесе Android-тың стандартты функциясындағы «Параметрлер → Экран → сымсыз монитор» мәзіріндегі іске қосу арқылы қосылыңыз.




Дайындаған Е.Райымбек.

28 сәуір 2019 ж. 1 066 0