«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жүсіпбектің Мәшһүр Жүсіпке сыры мол хаты

Жүсіпбектің Мәшһүр Жүсіпке сыры мол хаты

«Сол кездегі зиялы қауымның бәрі де ақынды жақсы біліп, терең танып сыйлаған. Бұл жағдайды Жүсіпбек Аймауытов пен Мәшһүр – Жүсіп бір-біріне жолдаған сәлем-сауқатынан, жазысқан хаттарынан білеміз. Хатты бірінші жазған Жүсіпбек Аймауытов» - дейді У. Қалижан өз еңбегінде [1. 241-243].
«Мәшһүр аға!» деп аталатын Жүсіпбектің хаты бірінші ме әлде соңғы хаты ма оны білмедік. Бірақ, хат мәтінінде У. Қалижан атағандай бір-біріне хат жолдағаны көрініп тұр.
Жүсіпбек хатты «Хатыңызды алдым», [2. 241] деп бастайды. Хат мазмұны бүгінгі күнмен сараласақ өте құнды. Хат мәтінінен сол күндегі тарихи оқиғалардың жапсарына куә боламыз және Жүсіпбек өзінің баласы «Әмендей бола алмасымда сізге хабарласып, еңбегіңізді, атыңызды ел көзіне түсіргендей ниетім бар», - [2. 244] деген балалық, інілік ілтипатын көреміз.
Ж. Аймауытұлы бірінші кезекте хатта өзінің ақыл кеңестерін қосып, «Адамдардың миы ерте суалмаса керек, ақыл, ой, таланты... ерте тартылмаса керек. Егделенген сайын миы шыныға берсе керек. Соған қарағанда, сіздің де қаламнан қаларлық уақытыңыз бола қойған жоқ па деп шамалаймын. Олай болса, қалған өмірде қаламға сырласып өткен дұрыс», [2. 242] - ақын шығармашылықтан қол үзіп қалама деген уайымымен рухани туыстық көңілін білдіреді.
Екіншіден, көрнекті алаш қайраткері «Сіз қазақтың қазақ заманында дүниеге келіп қалған гауһарысыз. Сіздің құлашыңыз ұшып, қиялыңыз терең арманыңыз алыстағы өткен өмірде. Жаңа заманның бұйынтақ сөзі, жыбырлық мінезі сізді жарытпайды, тосыңсытады, күні өткен жат адам қылады», [2. 242]- деп сөзбен ақынның портретін сомдайды.
Үшіншіден, Жүсіпбек сол кезде-ақ ақынды қадірлеп, құрметтеп «Мәшһүртану» ілімін қалыптасуы заңдылығын білдіріп «Күліктен сіздей адам туа бермейді, санамыз болса, сіздің қадіріңізді, бағаңызды білсе керек?!»
[2. 244]- дейді.
Иә, қайраткер Жүсіпбек ақынның шығармашылығы тірісінде ел аумағына тарауына ат салысқан көрінеді. Оны хаттан байқаймыз.
«Сіздің бұрынғы шығарған өлеңдеріңіз бар. «Тырна мен қарға» айтысқан болсын», «Бұлбұл мен қаршыға» болсын, «Сарт» әңгімесі болсын соларды жинастырыңыз.Оларға қосып менің айтатыным: Түркістан елдерін кезгенде шыршаққа келгенде жүрген-тұрған жерлеріңізді, елдеріңізді, жазған өлеңдеріңізді жас кезімде жатқа білуші едім. Енді ұмытып кетіппін. Сол да жақсы нәрсе еді. Әр елдің жақсыларын тараулатып, ата – тегін қозғап жазған өлеңіңіз бар еді... Олар да керек.
Жақсы әйел, жаман әйелге шығырған өлеңдеріңіз де болушы еді... Сондай қолжазбаларыңыздың бәрін жіберіңіз шамам келсе, баспаға түсіруге ізденіп көрер едім.
Одан соңғы сіздей көп қазына – қазақтың шежіресі, ең болмаса орта жүзді, Арғынды тараулатқаныңыз керек. Осы күнде әркімдер қазақ тарихын, шежіресін жазып жүр. Мұхамеджан Тынышбайұлы деген Ұлы жүз шежіресін орысша кітап қылып шығарып жүр. Сіз шежіреңізді жіберіңіз, оны да көріп, түзетіп, ең болмаса журналға басып тұтар едік, әрине өз атыңызбен басылады», [2. 243] дей келе, «Сізден Алдабергенұлы Зияш бірталай сөздер алғанға ұқсайды. Ол кісі қыла алмайды деп ойлаймын» - дейді. (Мәшһүр-Жүсіпке Б. Юсупханов хатында Зияш Алдабергенұлы кездеседі)
Сондай-ақ Жүсіпбек өр ақын Сұлтанмахмұттың мұраларын жинастырып құраннан қалыңдау кітап шығару үшін баспаға бергенін баяндайды. Және де Жүсіпбек ақын сиясы кеппеген жаңа туындысын хатқа қоса салып, жібергенін «мен өзімнің сырымды, ойымды корсеткендей «Шерниз» деген театр кітабымды сізге арнап почтаға салдым. Былтыр бәйгеге қосқан кітабым еді, бірден соңғы бәйгені алдық. Оқып көріп, пікіріңізді жасарсыз», [2. 244] деп айтады.
Хат соңында хат жазушы «Амандығыңызға тілеулес мұғалім ініңіз Жүсіпбек» [2. 244], - деп аяқтайды.
 «...Суретіңіз сақтаулы, балалар сау», [2.244] – деп хатқа нүкте қояды.
Жалпы осы хаттан көп нәрсені түйіндеуге, ғылыми жол іздеуге болады. Мысалы, Жүсіпбек қолындағы Мәшекеңнің суреті сақталды ма, әлде репресия заманында бірге жойылды ма? Немесе ақынның құнды мұралары Жүсіпбектің қолына жетті ме? Жетсе Ж. Аймауытұлы оны баспа беттеріне шығарды ма, болмаса жеке кітаптар ретінде дайындалды ма? Міне, бұл сұрақтар болашаққа өзекті етер жеке зерттеу болатын шығар.
Жүсіпбектің хатындағы тілдік ерекшеліктерді саралап көрсек.
Әдебиеттер
  1. Қалижан У. Мәшһүр Жүсіп: Зерттеу. – Алматы: «Атамұра», 1998.-30 бет
  2. Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. 5 т. Алматы: Ғылым, 1999. -304 бет.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
17 қазан 2019 ж. 907 0