
ЕЛДІҢ ИЕСІН, ЖЕРДІҢ КИЕСІН ҚАДІРЛЕЙІК
Кіндігінде өсіп-өніп, өркен жайған түлегін бауырына алып бөлеген, жатса-тұрса демеген, алаламай әлдилеп, алыпқа иығын теңеген атамекеннен аяулы, бабалар қонысынан қымбат не бар? Туған жерге деген сағыныштың туған әке-шешеден де артық болары содан болар, бәлкім. «Әркімнің тұрған жері – Мысыр шаһары» деген...






