№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СҮТ ӨНІМІНЕ СҰРАНЫС МОЛ

СҮТ ӨНІМІНЕ СҰРАНЫС МОЛ

Тұңғыш Президент Жолдауынан туындаған басым бағыттың бірі – отбасылық кәсіпкерлікті кешенді түрде дамыту. Әсіресе, экологиялық таза тағамдарға басымдық беріліп, «Made in Kazakhstan» бренді отандық өнімдердің эталонына айналуы тиіс. Бұл бағытта аудан көлемінде атқарылып жатқан іс ауқымды.

Десе де, ауыл-аймақта сүт өнімдерін өңдеу және өңдіру саласы кемшін. Сүт өнеркәсібін айтпағанда, шағын цехтардың өзі жоқтың қасы. Бұл тұрғыда, аз да болса осы олқылықтың орнын толтырып отырған жаңақорғандық Мейрамкүл Тұңғышбаева қолдағы барын қажетіне жаратып, отбасылық кәсібін дөңгелетуде. Ол 2017 жылы Кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалында бір айлық бизнестің қыр-сырына қанығып, «Бастау-бизнес» оқыту курсына қатысты. Бар мақсаты – сауын сиыр сауып, сүт және сүт өнімдерін өңдеу мен өндіруді қолға алу еді. Аудан төңірегін зерттеп көрсе, табиғи өнімге сұраныс мол. Содан Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына барып, кеңес алып, кәсібіне бизнес-жоспар жасатты. Биыл қаңтар айынан бастап нартәуекелмен кәсібін бастапта кетті. Бастамасы көңіл қуантарлық. Тек ерінбей еңбек ету ләзім.
– Тәуекелмен бастаған бизнесіме қолдау көрсеткен Марлен Нұртазаев басқаратын аудандық кәсіпкерлік палатасына алғыс айтамын. Олар маған «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» ауылдық жердегі кәсіпкерлерге қолжетімді несие беретіндігі жөнінде кеңесін айтты. Одан әрі қолдау несие қаржыға ие болып, қазір жыл басынан бері бұл кәсіптің нәсібін көріп жатырмын. 2 млн. теңгеге сегіз сиыр алып, сауыншылықпен қоса, мал бордақылау кәсібін айналдырып отырмын. Бүгінгі таңда шағын сеператормен сүттен айран, қаймақ, құрт өнімдерін шығарып, көрші-қолаңға, кент тұрғындарына саудалаудамын. Табиғи өнімге қашанда сұраныс мол, – дейді Мейрамкүл Тұңғышбаева.
Иә, Тұңғыш Президенттің «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 60-қадамдағы: «Сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар таратудағы негізгі міндет, үш жыл ішінде ТМД елдері нарығында шығарылатын өнімдердің жартысына дейінгі экспортты қамтамасыз ету, ауылда кооперативтік өндірісті дамыту арқылы шетелдік үлгілерді ұйымдастыру туралы» айтқан болатын. Жалпы, Қазақстан Сүт одағының мәліметіне сенсек, бүгінде нарықта айран, қаймақ, пастеризацияланған сүт, өңделген және тазартылған сүт өнімдеріне сұраныс мол. Бұл бағытта ауданның әлеуеті жеткілікті.

70 ПАЙЫЗ ИМПОРТТЫҚ ӨНІМ

 Елімізде сүт өнеркәсібі – ауыл шаруашылығы кешенінің ең негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені, сүт өнімдері – адам саулығына ең қажетті құнарлы заттармен қамтамасыз ететін тамақ өнімі. Бүгінгі таңда республика бойынша сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша 200-ге жуық кәсіпорын жұмыс істеуде. Бұл дегеніміз – елдегі сүт өнімдеріне деген қажеттіліктің 70 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Нақтырақ айтқанда, ішкі нарықта азық-түлік өнімдерінің жалпы көлемінде сүт өнімдерінің үлесі 17 пайыз.

Ал жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар жылына 3500 тонна сүтті өңдеуге мүмкіндігі жетеді. Ресми статистикалық мәліметке жүгінсек, 2015 жылы 184 млрд теңгенің сүт өнімдері өндірілген. Сондай-ақ өндірілген отандық сүт өнімдерімен қамтамасыз етілу деңгейіне тоқталсақ. Сұйық сүт бойынша 91 пайыз, қышқыл сүт өнімдері – 85, сары маймен 66 пайызды құрап отыр.

Яғни түптеп келгенде, ішкі нарықта отандық өнімнің үлесі орташа есеппен 70 пайыз. Қалған бөлігін импорттық өнім толықтыруда. Оның ішінде, Ресей мен Беларусь елдерінің үлесі басым.
Қорыта айтқанда, бұл жағдайда жаңақорғандық кәсіпкер Мейрамкүл Тұңғышбаеваның да ісі өрге басары айқын. Қазірше бес сауын сиырмен бизнесін бастаған нәзік жандының келешекте кәсібі өрге домалайды. Себебі нарықта табиғи сүт өніміне деген сұраныс жоғары. Тек кәсіптің көзін тауып, болашағының кемел болуына қарекет еткен жөн.

Әбдісамат ӘБДІШ




















13 тамыз 2019 ж. 919 0