№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Бұрын 24 сағат су ағатын болса, қазір 2 сағатқа жетер-жетпес

Бұрын 24 сағат су ағатын болса, қазір 2 сағатқа жетер-жетпес

  «Nur Otan» – халықшыл партия. Қашанда үміт пен сенім артатын қарапайым халықтың мұң-мұқтажы мен толассыз түскен өтінішін қанағаттандыруға деген талпынысы дәлел. Жуырда ғана осындай өтініштерімен есік қағып, күрмеулі мәселеге шешім іздеген азаматтарды облыстық мәслихат депутаты Мәдіхан Бекжанов партияның аудандық филиалы ғимаратында қабылдады.

 – Зейнеткерлік жасқа жеткенше ұл-қыздарымды оқу-білімге баулыдым. Барлығы да жоғары білімді. Лайықты жұмыс табу қиынның қиыны болып тұр. М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Көлік техникасы және технологиялар» мамандығы бойынша тәмамдаған немерем Ерман Төребаевтың тұрақты жұмысқа орналасуына қолдау білдірсеңіз, – деді Сапарбеков көшесінің тұрғыны Тасболат Төребаев.
Зейнеткердің өтініш-тілегін тыңдап, бағамдап, тиісті құжаттармен танысқан Мәдіхан Әріпұлы алдағы екі ай көлемінде жұмыс тауып беретінін айтты. Келесі кезекте Сунақата ауылдық округінің әкімі Ақылмұрат Жұмаділлаев ауылдағы тұрғындардың жарыққа зәру екенін, ескі электр жүйесінің салдарынан жарық жиі сөнетінін алға тартты. Төменарық ауылының әкімі Нұркен Қошқарбаев ауыл халқы жаңа емханаға мұқтаж екенін айтып, соған көмек беруін сұрады. Одан кейін сөз алған Екпінді аулының әкімі Қайрат Қожамжаров бірнеше мәселенің шешілуіне ықпал етуін өтінді.
– Ауылдағы айтулы мәселенің бірі – ауыз су жайы. Бұрын 24 сағат су ағатын болса, қазір 2 сағатқа жетер-жетпес. Бұл мәселені тиісті жерде қозғап жүргеніммен, нақты нәтиже шығар емес. Сондықтан осыны назарға алсаңыз. Екінші мәселе деп ауылға кіреберісте орналасқан апатты орын саналатын көпірдің жайын баяндады. Ойылып түсуге шақ қалған көпірдің орнына ең болмаса айналмалы жол салынса, – деді ол.
Облыстық мәслихат депутаты Мәдіхан Әріпұлы мұны, аудандық негіз­де шешілетін мәселе деп назарға алынатынын жеткізді. Келесі кезектегі қабылдау жалғызбасты әкенің өтінішімен жалғасты. Анасынан айрылған алты қыздың мектепке киетін киіміне көмек сұраған «CKЗ-U» компаниясының жұмыс­шысы зайыбының ауыр дерттен көз жұмғанын, балаларға көмек керектігін тілге тиек етті.
Намысты биік қойған ер болса да, перзенттерін қатардан кем қылмауды мақсат тұтқан әкенің өтініші оң шешім тауып, Мәдіхан Әріпұлы «CKЗ-U» компаниясы атынан үнемі көмек көрсетілетініне уәдесін берді. Сондай-ақ қыркүйектің қарсаңында аталмыш отбасы мүшелерін қызметтік көлікпен Шымкент қаласына апарып, бір күн бойы ойын-сауық орындарына қыдыртып, көңілдерін көтеріп, қажетті киім-кешектің барлығын қалағандарынша алып беретінін жеткізді. Осылайша қамкөңіл әкенің көңіліне демеу білдірді.

Ханым ТӨРЕХАН
13 тамыз 2019 ж. 544 0