№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Сандық жүйе сапаны жақсартады

Сандық жүйе сапаны жақсартады

Жаңақорған аудандық сотында «Виртуалды сот» қызметі қарқынды жүзеге асырылуда.
Бүгінде аудандық сот судьялары сот отырыстарына кететін уақытты, қаржыны үнемдеу, сондай-ақ әділеттілікті сақтау мақсатында әрбір істі тараптардың келісімімен мобилді бейнебайланыс қосымшасы арқылы қарауда.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басты жобаларының бірі болып табылатын бұл сервис халықтың шығынын азайтып, сот отырыстарын кейінге қалдырмай, шұғыл түрде қарауға мүмкіндік туғызуда.
Осы жобамен ауданға қарасты ауылдық округтердің әкімдік ғимараттарынан ашылған виртуалды сот кабинеттері арқылы тұрғындар сот процесіне онлайн режимде қатыса алады. Істерді виртуалды қарау мүмкіндігінің арқасында азаматтар әрлі-берлі сенделістен арылады. Жоба аясында 2019 жылдың 24-31 шілде күні аралығында Жаңақорған аудандық сотының судьялары 36 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі  «TrueConf» қосымшасы арқылы қарады. Енді іске ауыл тұрғындары бұрынғыдай аудан орталығына сабылмайды.
Жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдармасы аясында іске асты.

Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
02 тамыз 2019 ж. 671 0