№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Өнер өлкесі

Өнер өлкесі



Өнерді жетімсіреткенім жоқ жүрегімнен шыққан туындыларым да аз емес. Мәселен, «Ұстазым» күйі аяулы аға Ебіней Бөкетовтың қазасына байланысты туды. Ал «Репрессия» күйінің шығу тарихы былай: 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін Қарағандыдағы Химия-металлургия ғылыми-зерттеу институтында аттестация өтіп, қазақтың белді ғалымдарын осы сынақта омақаса сүріндіру бағытында түрлі құйтырқылықтар орын алды. Нәтижесінде, бүкіл өмірін ұлт ғылымына бағыштаған белді ғалымдар сынақтан өтпей қарап, қатты күйзеліске ұшыраған жағдайлар болды. Қайғыдан инфаркт алып, тіпті қаза болып кеткендері де болды. «Аттестация» (немесе Репрессия) деп аталатын күйім осы кезеңде жарыққа шықты.
1991 жылы Түркістан қаласында Қожахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылу салтанатында «Яссауи толғауы» күйлері сахнада өзім орыдадым. Одан соң «Тұран», «Түркістан», «Арыстан баб дәуірі» атты күйлерім дүниеге келді.
Бұдан бөлек «Өмір – өзен», «Гүл ару», «Түркістан жастарының вальсі», «Немерем» атты әндерім елдің аузында жүр.
– Жаныңыз қалаған кәсібіңізден бүгін де қол үзбей келесіз. Жұмысты қалай ұйымдастырасыз? 
– Атақты ғалым Жорес Алферовтың айтқаны бар: «Күндіз-түні ақымақтар ғана жұмыс істейді». Қазірде министрліктерде, әкімдіктерде жұмыс уақытын шектегенде белгіленген уаықтта сапалы жұмысты талап ету деп түсінген жан. Мойныңдағы міндетіңді тиянақты атқар, өз деңгейінде өз денсаулығыңды да күт. Әлжуаз адам елге тұлға болып жарыта ма?
– Бақытты отбасы иесімін деп айта аласыз ба? Мәңгілік махаббат деген ұғыммен келісесіз бе? Мұхтар Шаханов «Махаббат деген – Эверестің шыңына шығу» деген сөзі бар. Сіз қалай бағамдар едіңіз?
– Эверестің шыңына ақындар ғана шығады. Мен үшін махаббат күйдім-сүйдім деген жалаң сезімнен тұратын ұлы күш. Бір-біріне жүрегін ұсынған жандарға ғашық болу аз, сол аяулы сезімді ақырына дейін сақтай білу үшін бір-бірін терең түсіне білуі, жан қалауымен санасуы, арман-мақсатын ортақ арнаға бұрып бір-біріне сүйеніш бола білуі қажет дер едім. Бұл тұрғыда жолым болған адаммын. Өмірлік серігім Роза Қоспанқызымен бір салада жұмыс атқардым. Отбасында ғана емес, қызметте де бір арбаны сүйреп, атқарған бейнетіміздің жемісін бірге көріп келеміз. Екеуміз Мемлекеттік сыйлықты да бірге еншілеп, еңбегіміз жанды. Бүгінде немерелеріміздің қызығына кенеліп отырған жағдаймыз бар.
– Сіз үшін өмірдің мәні неде?
– Кешірімді. Жер бетінде қанша сана иесі бар болса, сонша мүдде бар. Көзқарастың көптігінен қоғамда қарамақайшылық та болып жатады. Осының барлығында тепе-теңдікті сақтап, планетамызды ізгіліктің бесігіне айналдыратын бір айқын жол – түсіністік пен татулық. Оның түп негізі кешірімде. Ол ағайын арасында, көрші-қолаң, дос-жаран, тіпті отбасында да онсыз бірлік болмайды.
– Ақпараттар ағымының желдей жаулап алуы саналарды тітіретіп тұрғанын да жасыруға болмайды. Көбінің астарында нешетүрлі жымысқы саясат тұнып тұр. Қоғамды бұдан қалай арашалап ала аламыз. Кімге сенуге болады?
– Әркім өз ерік-жігеріне сенуі керек. Әлуметтік аз қамтылған топқа мемлекет қамқорлығын ешқашан тоқтатқан емес. Әр отбасы аяғынан нық тұрып алғанша оған арқа сүйеуі мүмкін. Бірақ ешкім де біреуге масыл болып, біреудің есебінен күн көруге құштар емес. Шама-шарқынша тірлік жасап, ешкімге тәуелді болмай, өз арбаңды өзің сүйрегеннің қуанышы бәрінен маңызды. Бұдан да ауыр күндерді бастан өткіздік. Қайыр сұрау қанымызда болмаған.
– Қазір қандай жұмыспен шұғылданып жатырсыз?
– Кітап жазып бітірдім. Онда өз өмір жолым ғана емес ғылымдағы ұстазым, әріптестерімнің жетістіктері туралы баяндалады. – Жақын уақытта бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылатынымызға сенім артасыз ба?
– Ғалым ретінде айнымас аксиоманы айтар болсам, бүкіл жетістіктің кілті – ғылымда. Ғылымсыз даму жоқ. Қанша күстаналасақ та, кешегі кеңестік кезең осы құндылықты терең бағалай білді. Одақтың ғылым академиясын басқарып отырған тұлға Брежневтен екі есе артық жалақы алды. Күнкөріс қамын күйттеп кеткен ғалым көңілдегідей жұмыс жасай алмайды. Тәуелсіз мемлекетімізде осы мәселе тиянақты шешімін тапса – ең басты тілегім осы.
– Ел бағына жаратылған өзіңіз сынды дарын иелерін жаһанға ортақ деп жатамыз тағдырыңызға ризасыз ба?
– Ризамын. Адамның барлығы атақты болу мүмкін емес. Бірақ әрбір күніміз үшін тәубе дейік. Мемлекетімізде өмір сүріп жатқан сан ұлтты біріктірген бүгінгі «Алғыс айту» күнінің маңызы да айрықша. Адам баласының бір-біріне адал тілекте жүруінің астарында мәңгілік бақытты өмірдің өшпес өнегесі тұнып тұр. Жаратқан бізді осы тыныштығымыздан айырмасын.
– Сұхбатыңызға рахмет.
                                                                                            Әңгімелескен Баян ҮСЕЙІНОВА.
31 шілде 2019 ж. 545 0