Халық сынықшысы Үндемес Оспанның ұлы жеңісі
Соғыс алдында әкем демікпесі қабынып ауыр дертке килікті. Түнімен көз жұмбай, өте ұзақ жөтелгендегі күркілі тіпті көшеге естіліп жатқандай күндері болды. Мамам екеуміз аурудың осы қысымына шыдай алмай, тұншығып қалмас па екен деп, әр минөт сайын үрейден арыла алмадық. Қысқы ұзақ және жазғы қысқа түндер осылайша бірінен соң бірі өтіп жатты. Соғыс енді ғана басталған кезде әкеміз сүзекпен ауырып қалды. Бір жағынан демікпе, екінші жағынан сүзек қатты қинаса да, ол бәріне шыдап бақты. Тек демікпесі ғана босатпады.
Ұлы Отан соғысы әрі жалғасқан шақ. Аяғында тұрғандардың бәрін дерлік әскерге алып жатыр. Дертінен айығып үлгірмеген әкемді де алып кетті. Екі ай бойы оны Алматы түбіндегі Тастақ (ол қазір қала шеңберінде) елді мекенінде дайындықтан өткізді. 1943 жылдың күзінде Алматыдан майданға аттандырды. Онымен бірге казармада жатқан солдаттар тынымсыз жөтеліңмен бізге маза бермейсің деп наразылықтарын да білдірді. Біреулері оның жағдайын түсініп, екіншілері түсінбесе де, оның әскердегі бейбіт күндері осылайша өтіп жатты.
Жоғарыда айтқанымдай, екі айлық дайындықтан соң, оны майданға жөнелтті. Бір ай шамасында майдан алаңында ол ғажайып құбылысқа тап болады. Айнала окоптар мен блиндаждар, сүйектен өткен ызғарға, қарынды ашырған аштыққа шалдығып жатса да, әкеміз бізге былай деп хабарлады: «Мен ғажайып жағдайды бастан кештім – өкпемді қысқа жөтелім мен демікпем қалайша ғайып болғанын байқамай да қалдым. Мен енді өзімді қалыпты адам ретінде сезінетін болдым».
Үш рет жараланса да әкем майдан алаңына қайтып оралып жүрді. Төртінші алған тым ауыр жарасынан сол аяғы тізесіне жақын тұсынан сынып, тізесінің ұршығынан айрылғаннан соң қысқарып, иілмей қалыпты.
Біз оның үйге тірі оралғанына шексіз қуандық, ең бастысы, баяғы демікпесінен құтылыпты. Бірақ әкемнің бұл қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Жарты жыл өтер-өтпестен демікпесі қайтадан асқынып, ғұмырының соңғы сағатына дейін жан досыңдай тастамай өтті-ау. Мұның мәнін түсіндіретін ешкім болған жоқ: майданда жүргенде тастап кеткен демікпе неге, қалайша қайтып жабысты? Ол майданда алаңдамай соғыссын деп әдейі уақытша тастап кеткені ме?
Әкем сөзі аз, шыдамды да мықты мінезді кісі еді. Бірде ол қолына балдағын ұстаған күйі алдындағы ордан аттап өтемін дегенде, жаралы аяғын тағы да сындырып алады. Бұрын сол аяғы тік және иілмейтін болса, енді жан-жағына сылтып қалды. Біз оны дереу госпитальға алып бардық (саз балшықпен емдейтін Жаңақорған санаториі соғыс кезінде әскери госпиталь болатын).
Оны аса бір ыждаһаттылықпен қарап өткен белгілі хирург Тарасов: «Аяғын дереу кесіп тастау керек, әйтпесе газды гангрена жайылып кетеді»,-деді. Хирург көз жетпес жылдамдықпен әкемді операцияға дайындауға бұйрық беріп үлгерді. Оның уәжін естіп жатқан әкем: «Мен тек емдеу шарасымен келісімен, ал аяғымнан айырылу туралы сөз болуы мүмкін емес», -деп шорт кесіп тастады. Хирург оны үгіттей бастады: «Аяғыңызды тізеден жоғары кесіп тастау керек, олай етпесек газ гангренасынан өлесіз». Әкем айтқан сөзінен қайтпады: «Ешқандай кесу деген болмайды, одан да мен өз аяғыммен өлейін», -деп қасарысып тұрып алды. Хирург бұған не дерін білмей, аң-таң. Тек: «Сіз дұрыс шешім қабылдамай тұрсыз» деген ескертумен шектелді. Госпитальдан жараны бірқыдыру тазалап өңдегеннен соң, біз ауылымызға қайтып оралдық.
Әкем: «Дереу сынықшы үндемес Оспанды шақырыңдар», -деді. Бұл кісі аудандағы ең атақты сынықшы болатын, сынған, майда жарқыншақтарға айналған сүйектерді тәптіштеп жинап орнына қоюшы еді.
Үндемес Оспан әкемнің аяғын мұқият қарап өтіп, сөзін әкеме арнап: «Сіздің аяғыңызбен төрт сағат ұдайы жұмыс істеуіме тура келеді, қатты ауырады, егерде менің айтқаныма көнсеңіз, қазірден бастап іске кірісемін», -деді. Әкем бұған келісті: «Қаншама қатты ауырса да көнемін», -деді. Сынықшы жылқының іш майын, жылтырата өңделген ұзындығы 50 сантиметр, ені 6-7 сантиметр тақта, бұған қоса ені кең марлі әкеліңдер деген нұсқау берді.
Үндемес Оспанның операциясы түгелдей біздің көз алдымызда өтті. Біз, ересектер, әкеміздің қол-аяғын қозғалтпай ұстап отырдық. Халық хирургі алдымен әкемнің аяғындағы жараны ерітілген жылқының іш майымен жақсылап майлап, өзінің аса сезімді қолымен сүйек сынықшақтарын біртіндеп орнына қоя бастады. Әкемнің қатты қынжылыстан қарс тістеніп, көзінен еріксіз жас аққанын көріп отырмын. Ал үндемес Оспан болса тер судай ақты.
Әкем асқан бір батылдықпен жан-тәнін күйзелткен ауруға шыдап өтті (осы іс-әрекеттердің бәрі ауру-қиналысты жеңілдететін дәрі-дәрмексіз жасалып жатты). Халық емшісі үндемес Оспанның операциясы табаны күректей бес сағатқа созылды. Әкем өз аяғын осылайша сақтап қалды. Бұл үндемес Оспанның еркі мен әкемнің шыдамдылығының нәтижесі еді. Мұны халық сынықшысының әйгілі хирург Тарасовпен жекпе-жектігі ұлы жеңісі дер едім.
Үндемес Оспан сынықты салып болған соң әкеме, ал сынық жиналды енді сынық сүйектер бірігіп жазылатын уақыты жас мөлшеріне байланысты, оған дейін аяғыңның ауырғанына шыдайсың және бір ескертетін жағдай сүйектер бірігіп жалғасқан кезде аяғың шоршиды соған абай бол деп ескертті. Айтқанындай сүйектер жалғасып біткен кезде, өзі жатқан темір кроваттың басына аяғын ұрып алып, аяғы қайта сынды, оны да Осекең қайта салып берді.
Менің Шарипа апамның қолы сынып, оны дәрігерлер гипстеп берген болатын. Рентгенге түсірсе сүйектер айқасып, жабысқан екен. Үндемес Оспан оны да бұзып, қайта салып берген.
Сұлтан САРТАЕВ,
ҚР ҰҒА-академигі, заң ғылымының докторы, профессор, ҚР-ның ғылымына еңбек сіңірген қайраткері.