№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлемдегі ең қорқынышты мекендер

Әлемдегі ең қорқынышты мекендер

Тылсым табиғатта бізге жұмбақ жерлер өте көп. Тіпті, әлемнің кей түпкірлерінде қорқынышты орындар да кездесіп жатады. Біз жер бетіндегі қорқынышты мекендердің бірнешеуін ұсынуды жөн көрдік, – деп жазды «Жаңақорған тынысы» газетінің сайты massaget.kz порталына сілтеме жасап.

1. Аокигахара немесе Дзюкай – Хонсю аралындағы Фудзи тауының етегінде жатқан орман. Аокигахараның аймағында ешбір компас жұмыс істемейді. Ағаштар жаппай өсіп тұр және төніп келе жатқандай әсер қалдырады. Оған "өзіне қол жұмсаушылардың орманы" деген атау берілген екен. Жапон мифологиясымен үйлесетін мекен бір кездері әзәзілдер мен елестердің өмір сүретін жері ретінде көпке танылған. Себебі, ерте кездерде кедейшіліктің тауқыметіне душар болған отбасылар асырай алмайтын бала-шағасы мен қарттарын осы жерге тастап кетеді екен. Ең қорқыныштысы – жергілікті халық түнімен шыңғырған адамдардың даусын естіп жатады...
2. Манчак батпағы – жалмауыздардың қарғысын алған жер. Луизиана штатының аймағындағы Жаңа Орлеан қаласына жақын жерде жатыр. Тек қана қайықпен өтуге болатын батпақтың ортасынан бұталар атып шығады. Бұталар шықпайтын жерлерде  мүлде өсімдік өспейді, әбден жетімсіреген... Осы маңда қоныс тепкен үш бірдей ауыл дауылдың әсерінен жойқын болған, тұрғындардың көпшілігі қайтыс болады. Батпақта жүздеген мың адамдар жоғалып кеткен. Осыдан жүздеген жылдар бұрын ғайып болған адамдардың денелері енді ғана батпақ астынан шығып жатқан көрінеді.
 3. Mary King's Close – Шотландияның Эдинбург қаласының орталығындағы жерасты көшесі. Аталған жабық ауданға оба ауруы кең таралға кезде айықпас дертке шалдыққан адамдар тасталған екен. Осы жерде тұрғындар өмірлерінің ең соңғы сағаттарын өткізген. Обаның өте тез таралғандығы соншалықты, қала әкімдігі аймаққа кіретін барлық есікті мәңгілікке ашылмас етіп жапқызып тастайды.
4. "Ескі үй" деп аталатын мекенде – соғыс кезінде өліп кеткен британдық солдаттар мен теңіз қарақшыларының елесі кезіп жүреді деседі. Бұл АҚШ-тағы Вирджиния жерінде орналасқан. Және орманға жақын маңдардан адамның бас сүйегі мен мал сүйектері көптеп табылып отырады екен.
5. Лагуна Трук – әскери кемелердің қызметкерлерінің табыттары қойылған жер. 1944 жылдың ақпан айында АҚШ дәл осы жерде жапон әскери флотын талқандаған. Дәл осы күні 50-ге жуық кеме батырылса, 150 әскери ұшақтың көзі жойылған. Ұшақтағы әскерлер жарақат алып, суға құлайды. Осы жерден өткен әрбір кеме, ұшқан ұшақ тылсым құбылыстарға тап болады екен.
6. Сан-Жи – жоғалған жандардың қаласы. Қала өткен ғасырдың 80-ші жылдарында заманауи үлгіде тұрғызыла бастады.  Алайда, ең алғашқы қазық қағылғанан бастап мұнда түсініксіз оқиғалар болып, әрбір құрылыста адам нанғысыз өлімдер қайталанады. Құрылысшылардың бәрі де болған оқиғаларын қорқып, қаша бастайды да, қала басталған күйі қалып кетеді. 



30 қаңтар 2019 ж. 1 270 0