№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Той туралы ой

Той туралы ой

   
         
Құрметті редакция алқалы ағайын мен төл газетіміздің өткен сандарында көтерілген той туралы мәселеге менде өз пікірімді қосып ойымды ортаға салмақпын. Атам қазақ той құдайдың қазынасы шашылсаң тойға шашыл деп жатады. Той болғанға не жетсін құдайға шүкір еліміз тыныш, тамақ тоқ көйлек көк ішкеніміз алдымызда ішпегеніміз артымызда қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман. Бірақ солай екен деп аст-төк ысырапқорлық пен бәсекеге көп жол беріп алдық. Қарызданып той жасаймыз қарызданып құда шақырамыз. Жаста кәрі де туған күн тойлаймыз. Тойдың үлкені келін түсіру тойы кафеге тойға барамыз сағат 7-ге шақырған той 10-11 де басталады. 1-ші халық тойға кешігіп баруға етіміз әбден үйренген. Екінші жастар гулянкадан келмей күтіп отырамыз. Осы гулянка деген атам қазақта барма еді келген келінді тайраңдап бүкіл халықты күттіріп қойып серуендетеміз. Гулянка туралы осыдан 1-2 жыл бұрын «Байкенжелік» жастар гулянкаға шықпаймыз деп ол ақшаға жағдайы төмен отбасыларға азық түлік алып мешітке әкеліп таратқанын білемін. Бір-ақ сол іс жалғасын таппады ау деймін. Осы іс өте құптарлық іс еді. Тойдың өтуіне бәленбай ақшаға асаба жалдаймыз, ал асаба не істейді халықты күлдірейін деп аузына келгенді кейбір дөрекі мәдениетсіз сөздерді айтады. Бір тойда келінді тұрғызып қойып екі құдағиды келінге қарай жүгіріңдер кім бұрын жетсе алғашқы немеренің атын сол қояды деп жарыстарды қандай әдепсіздік екі ана барып ентігіп келіннің алдына бас ұрып тұрды. Өте ұят тірлік болды. Асабалардың құныққаны соншама ой өткен тойда келіннің енесі бет ашарға 5 мың салып еді атасы одан асырып 10 мың теңге салды сіздікі аздау болып қалды ғой деп үлкен кісіні жердей етті. Қайтсе көп ақша түседі деп әй бесіктегі баладан басқаның бәрін айтады ол адам бұл тойда жоқ болса пәленше келмеді ғой деп қайта-қайта айқалап шақырады. Өткен жылы Шиелі ауданына тойға бардық сонда келінді тойханаға «Лимузинмен» кіргізді бұл не астамшылық жас келін қайқайып түсіп келе жатыр ал бүкіл халық орнынан тұрып ақ патшаны қарсы алғандай қол соғып қарсы алдық. Қазақ атам әрине қәзіргідей машинаның түр-түрі жоқ, болса грузовой немесе трактор болған. Менің есімде жас кезімізде бір ағамыз көрші ауылдан келін әкелді машина жоқ атпен келді келін ауылға алыстау жерден аттан түсіп жаяу келді алдынан абысандары шығып қарсы алып үлкен үйде отырған ата-енесіне ауылдың үлкен қарияларының алдына әкеліп сәлем салғызып үлкен енесі басына орамал салып үлкендер батасын беріп содан кейін барып отау үйге шымылдыққа кіргізеді. Бұрындары қыз тұрмысқа шыққан соң 70, 80, 90 жылдары  1-аптадан соң әке-шешесі дереу үйге шақыратын қазір қолдан алып жатыр ғой. Ал бұрын келін келген соң бір жылсыз төркінге жібермейтін немесе балалы болған соң абысын-ажындары қайынсіңлілері еріп келінді төркіндетіп жіберетін еді. Сосын қызды кейін береміз сандыққа симай үлкен қытай сумкаға саламыз. Ал сол киімдерді 1 жылдан кейін келін кимейді. Себебі модадан қалды. Ең аяғы носки тіпті бет бояитын бояуына дейін береміз. Ал дүние мүлікте есеп жоқ келіннен келген дүние үйге симай қоятын жер таба алмай жатамыз ең аяғы қол сүртетін салфеткаға дейін әкеледі. Осылай төгіліп-шашылып үй жасаймыз тіпті осы күні қызына машинасын да беретін жағдайға жетті әрине бар адамға бәрі жарасады себебі мүмкіндігі бар қолы ұзын жағдай келмейтіндер кедей жомарт деп жалған намысқа тырысып-тырыштанып, қарызданып жасаймыз оны арты белгілі. Осындай дайын дүниенің ортасына қалған келін мен бала сол дүниенің қадірін ата ананың еңбегін бағалай ма жоқ ешқандай белі ауырып маңдайы терлеп таппаған соң әрине дандайсиды. Содан соң 1-2 жылдан соң ажырасып жатады. Не болды мінезіміз сәйкес келмейді немесе ата енем күн бермеді. Қазіргі заманда келінге істейтін ауыр жұмыста қалған жоқ қой кірді кір машинасы жуып жатыр нанды «Әсел» пеш жауып жатыр су тасымайды ыстық-су мұздай су үйде келіп тұр от жақпайды газ келіп тұр. Тіпті әжетқанада үйде құдайға шүкір бірең-сараң болмаса ерте тұрып малға қарап сиыр сауып жатқан келін жоқ. Жұмыстан келсе түскі тамақ дайын бала бағулы үйде қарауыл бар қамқоршы солардың тілеуін тілеп бәлек болып отырған ата-ене бар пенсиясы тағы бар. Сондықтан әрине бәрі деп көпке топырақ шаша алмаймын бірақ көптеген кесапат-кердең келіндер көбейіп барады. Жасыратыны жоқ біздер 60-70-80 жылдардың келіндері ошаққа қазан асып от жағып тамақ істедік табаға нан жаптық газ жоқ 3 мезгіл самовар қоямыз жұмысқа жаяу барып келеміз қазіргідей зулап жатқан такси газель жоқ. Мекеме емізулі баласы бар әйелге түскі үзіліске 2 сағат береді, сол екі сағатта келіп ата-енемізге жолдасымыз бен бала-шағамызға обед беріп баламызды емізіп өзіміз шайда ішпей қайта жұмысқа жүгіретінбіз. Бұрындары той тек сенбі жексенбі күндері немесе айына 1,2 рет болатын еді ал ол тойлар өте қызық өтетін ойнап-күліп билеп демалып қайтатын едік сол тойда арнайы асабада болмайтын. Кейбіреулер асабаны сырттан шақырады келіп не болса соны жатады. Өйткені ол асаба ол адамдарды ол әулеттің үлкен-кішісі кім олар кім болған жете білмейді ғой. Тойда жастарға жаңа шаңырақ көтерген отауға алдағы уақытта өміріне  жол сілтер атасы, даналық сөздер айтылса жастар үлгі алатындай болып өтсе екен. Мен газеттің 15 қаңтардағы санында Д.Айдарбековтың ойына түгелдей қосыламын. Аудандық ардагерлер ұйымы жанынан ақсақалдар алқасын құрып той өткізу жайлы тұжырымдама жасап асабаларға да дұрыс жол сілтейтін ата-бабамыздың салт дәстүрлерін қастерлеп оны іске асыратындай болса небір шешен билеріміз данагөй қарияларымыздан үлгісін насихаттайтындай болса екен. Әрине өте ибалы әдепті келіндер бар көрсең көңілің толады сондай келіндер көбейе берсе екен деген тілегім бар. Ибалы келіннен инабатты ұрпақ өрбиді.
Зада Исаева, Мәдениеттің ардагері, еңбек ардагері.
22 шілде 2019 ж. 1 271 0