№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТОЙ НЕГЕ КЕШ БАСТАЛАДЫ?

ТОЙ НЕГЕ КЕШ БАСТАЛАДЫ?


«Жаңақорғантынысы» газетінің №57 санындажарияланған «Той мәдениеті: ысырапшылдық пен көзбояушылықтанқалай құтыламыз?»  атты пікірсайысты оқып, қоғамдағы мәселеге үн қатқанды жөн көрдім. Қазақ деген тойшыл, қонақшыл халықпыз. Әрине той болғаны жақсы. Бұл еліміздің әлеуметтік жағдайының жақсарғанын, халықтың тұрмысы түзелгенін аңғартады.
Әркім тойды өз қалтасына қарай қамдаса құптайсың. Кейбіреулер бай-бағландардан қалыс қалмауға тырысып, несие алып, қарызданып, қауғаланып жасайды. Сонда өзінің жағдайын ойламаған кісіні кім жарылқай қойсын?
Хош. Біздің жаңақорғандықтардың тойға жиналуы өте қиын. Шақыру қағазына 7-8 деп сағатын көрсеткенімен, той сағат онсыз басталмайды. Өткенде бір тойханада үлкен тойда болдым. Сағат сегізге шақырған соң Бірлік ауылынан ерте шығып, сағат сегізден он минут өте келгенбіз. Келсек, тойханада той иелері мен асаба ғана тұр. Сағат тілі тоғызды көрсеткенде адамдар жәймен жинала бастады. Он болды. Әлі адам келуде. Он жарым болғанда асаба келген меймандарды реттілігімен төрге шақыра бастады. Жайғасып отырғанша он бір болып қалды. Ішімнен «тойға ең соңғы болып келген адам қаншада кіреді екен» деп әдейі, сағатқа үңіліп отырдым. Той тарқағанша бір-бірлеп келіп жатты. Сонда, ең соңынан келіп, елдің назарын аударғанына неге ұялмайды? Ал, өркениеті дамыған қалаларда той иелері шақырылған қонақтарды тізім бойынша алдын-ала сөйлесіп, тойға келуін не келмейтінін анықтайды. Осылайша, тойды нақты адам және нақты уақытқа есептейді. Бізде өздеріңіз білетіндей, 2-3 ай бұрын шақыру қағазы таратылады. Сосын көбі, уақытынан шатасып, ұмытады. Сонда сізге дайындалған дастарханның обалы кімге?
Қорыта айтқанда, той мәдениетіне қоғам болып, ел болып қолдау білдіруіміз қажет. Бір ауыздан пәтуәға келіп, той кемшіліктерін түзеуіміз керек. Дамыған елдерде той өткізудің тәртібі, ережесі және салығы бар. Мүмкін бізге де, той өткізуде адамның нақты саны, уақыты, тәртібі қажет шығар? Менің ойымша, шамамен 70-80 адамнан артық тойға адам шақырудың қажеті жоқ. Ал, тойға кешіккен азаматтардың намысын оятатындай ар жауапкершілігін арттыруымыз қажет-ақ. Осы тұста, тізгінді тартып, ойлы оқырмандардың осы мәселе төңірегінде ой-пікірін білдіруін сұраймын.
Әлімхан БАУБЕКОВ,
денсаулық сақтау саласының ардагері.
05 тамыз 2018 ж. 1 081 0